20.11.2022, 22:20 8531

2022 жылғы сайлау: алдын-ала мәліметтер бойынша, келушілер саны 69,43% болды

2022 жылғы сайлау: алдын-ала мәліметтер бойынша, келушілер саны 69,43% болды
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
 

8 миллион 299 мың 501 сайлаушы бюллетень алды, бұл дауыс беру тізімдеріне енгізілгендердің 69,43 пайызын құрайды", - деді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

 
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
 
  • Абай облысы бойынша - 80,18%;
  • Ақмола облысы бойынша - 78,87%;
  • Ақтөбе облысы бойынша - 72,81%;
  • Алматы облысы бойынша - 72,10%;
  • Атырау облысы бойынша - 70,87%;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша - 68,67%;
  • Жамбыл облысы бойынша - 79,57%;
  • Жетісу облысы бойынша - 81,42%;
  • Қарағанды облысы бойынша - 78,39%;
  • Қостанай облысы бойынша - 79,28%;
  • Қызылорда облысы бойынша - 81,07%;
  • Маңғыстау облысы бойынша - 66,99%;
  • Павлодар облысы бойынша - 77,58%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 79,01%;
  • Түркістан облысы бойынша - 80,37%;
  • Ұлытау облысы бойынша 75,48%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 79,49%;
  • Астана қаласы бойынша - 48,60%;
  • Алматы қаласы бойынша - 28,72%;
  • Шымкент қаласы бойынша - 59,79%.
 
Сағат 21:00-де Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды. Дауыстарды санау басталды.
 

Еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру тек Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 44 сайлау учаскесінде жалғасуда", - деді Константин Петров.

 
Естеріңізге сала кетейік, тізімге енгізілген азаматтардың саны: 11 млн. 950 мың 485. Дауыс беру ел бойынша 10 033 учаскеде өтті. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар.
 
10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен сайлауға аккредиттелген шетелдік бақылаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады.
 
Сайлауға алты кандидат тіркелген:
 
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
 
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды.
 
Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны