16.01.2025, 09:48 1796
Таиландтан есірткіге почта арқылы тапсырыс берген қазақстандыққа үкім шығарылды
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, Алматы облысы Іле ауданының "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің "Telegram" мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.
Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.
Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдар, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 "Тропикамид" көз тамшылары тәркіленді.
Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі контрабандасы қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ауыр қылмыс екенін еске салады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.01.2025, 10:05 1521
БҚО прокуратурасының бастамасымен борышкерлер жауапқа тартылды
Достарға айту
БҚО прокуратурасының бастамасымен борышкерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қаратөбе аудандық сотының 12.12.2022 жылғы сот бұйрығымен Ж. азаматынан кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін табыстың 1/3 бөлігінде алимент өндірілді.
Сот шешімі дереу орындауға жіберілді, алайда қарызды төлеу туралы хабарламалар борышкермен елеусіз қалдырылды.
11.12.2024 жылы Қаратөбе аудандық соты Ж. азаматын Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Сол сияқты, 18.12.2024 жылы алимент өндіру туралы сот актісін орындамағаны үшін Г. азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған да сот 1 тәулікке әкімшілік қамау жазасын қолданды.
Сотта борышкерлер өз кінәсін толық мойындады.
2024 жылы Қаратөбе ауданында сот орындаушыларының жұмысын үйлестіру шаралары арқылы барлығы 5 алимент төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес 1 проблемалық борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды (Балаларды асырау үшін қаражат төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, мүгедек ата-аналарды асырау үшін қаражат төлеуден жалтару, мүгедек жұбайы (жұбайы).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 09:46 2071
Қазақстанның ІІМ заңсыз көші-қон арналарын жойды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі елге түрлі қылмыстық және террористік элементтердің енуіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерімен осындай бірнеше қылмыстық топ ұсталды.
Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді.
Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергелуде.
Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша "делдалдық" қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.
Барлық көрсетілген фактілер бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасуда", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 14:30 9301
Алматыда рейске кешігіп келген жолаушы FlyArystan қызметкерін соққыға жыққан
Достарға айту
2025 жылдың 14 қаңтарында Алматы - Астана бағыты бойынша FS 7057 рейсінің жолаушысы Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды әуекомпаниясының баспасөз қызметінен.
Жолаушы рейс уақытынан 30 минут бұрын тіркеу бағанына келіп, рейске тіркелгенін растағаннан кейін, тексеру аймағына бағытталды. Алайда жеткіліксіз уақыт қалуына байланысты жолаушы рейске отырғызуға үлгермей қалған. Осы ретте, рейске отырғызу ұшу уақытына 30 минут қалғанда басталатынын және осы уақытта барлық жолаушылардың гейтте болуы қажет екенін еске саламыз.
Осыдан кейін жолаушы тіркеу аймағына қайта оралып, тексеру аймағына бағыт көрсеткен қызметкерге қатысты агрессивті мінез-құлық көрсете бастады. Оқиға барысында ол қызметкердің жеке мобильді телефонын лақтырып, беті мен ішіне соққы жасады және сөзбен қорқытуды жалғастырды. Бұл агрессиялық әрекет бейнекамераларда және куәгерлердің мәлімдемесімен расталған.
FlyArystan компаниясы қызметкерлеріне және басқа жолаушыларға қатысты күш көрсету, қорқыту және қорлау әрекеттеріне төзімділік көрсетпеу саясатын ұстанатынын еске саламыз. Агрессивті немесе тәртіпке сай келмейтін мінез-құлық танытатын жолаушылар мұндай әрекеттер заңды және әуекомпаниясының ішкі ережелерін бұзатынын, бұл ұшудың қауіпсіздігіне, оның ішінде ұшуға дейінгі дайындық процесіне қауіп төндіретінін түсінуі қажет.
Деструктивті мінез-құлық көрсеткен жолаушы қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, әуекомпания өз қауіпсіздік саясаты шеңберінде тиісті әрекеттерді, оның ішінде "қара тізімге" енгізу сияқты шараларды дербес түрде қолдану құқығын сақтайды.
Әрбір жолаушының өз мінез-құлқы мен басқаларға деген құрмет нормаларын сақтауы толықтай өзінің жеке жауапкершілігінде екенін ерекше атап өтеміз. Рейске уақытында келу жолаушының жеке жауапкершілігі екенін есте сақтау маңызды. Ұшу қауіпсіздігі мен жайлылығы өзара құрмет, тәртіп және ережелерді сақтау мәдениетіне тікелей байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:14 21511
Қазақстанда үш діни радикал ұсталды
Достарға айту
2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды.
Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған.
Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.
Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:05 23431
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Достарға айту
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алдау жолымен оның 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген. Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған.
Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.
Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 10:00 23646
Павлодарда жеке пансионаттағы зейнеткерлерді азаптап қайтыс болғандардың пәтерлері жалға берілген
Достарға айту
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 09:52 23861
Қызылорда облысында полиция қызметкері ақбөкендерді атқан
Достарға айту
Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз аң аулауға шығып, киіктерді автокөлікпен қуып, жануарлар табынына оқ атқан, деп хабарлайды Қызылорда облысы соттарының баспасөз қызметінен.
Олардың көлігін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары тоқтатқанда, көлік ішінде 30-дан астам киік еті, 5 киік басы барын анықтаған.
Сараптама қорытындысына сай, мемлекетке 80 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қару-жарақ пен көлікті қолдана отырып, айтарлықтай зиян келтіріп, жануарларды заңсыз аулады деп айыпталған екі адамға қатысы қылмыстық істі қарап (ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2-тармағы), олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің құжаттармен расталғанын көрсетті.
Сотталушылар мемлекетке 3 млн теңге қайтарған.
Бір сотталушының жазасын ауырлататын мән-жаулар ретінде оның ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұза отырып, құқық бұзушылық жасағаны танылған.
Сот сотталушыларды ҚК-нің 337-бабы, 6-бөлігі, 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оларды 7 және 8 жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
◾️ Олардан ортақтасқан тәртіпте 77 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілді.
◾️ Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 15:05 33191
Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды
Достарға айту
Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген.
Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды.
Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.01.2025, 11:532024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды 16.01.2025, 10:01 2531Атырау облысында 1,8 млн дана балық шабағы құтқарылды16.01.2025, 09:58 2216Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапханалар орнатылды16.01.2025, 09:46 1646Қазақстанның ІІМ заңсыз көші-қон арналарын жойды16.01.2025, 09:48 1336Таиландтан есірткіге почта арқылы тапсырыс берген қазақстандыққа үкім шығарылды
09.01.2025, 17:13 1212212024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді09.01.2025, 16:58 120871Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты10.01.2025, 16:10 1001462024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 921862025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 91986Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152606Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146731Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146446Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145971Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135881Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті