20.11.2022, 19:32 3796

Шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстанның 7400-ге жуық азаматы дауыс берді

53 шет мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған.
Астана. 20 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстанның 7400-ге жуық азаматы дауыс берді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскелік сайлау комиссиялары (Корея Республикасы, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Гонконг, Шанхай, Тайланд, Индонезия) жұмысын аяқтап, 7400-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді. 57 учаске жұмысын жалғастыруда", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко ОСК брифингінде шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында 53 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 841 адам болатын 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылғанын хабарлады.
 
Сондай-ақ, СІМ Қазақстандағы Президенттік сайлауға көптеген шетелдік бақылаушылар қатысқанын атап өтті.
 

10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен аккредиттелген шетелдік бақылаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады. Сонымен қатар, сайлау мониторингіне 264 шетелдік журналист қатысуда", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны