17.03.2021, 22:58 11442

Келісім комиссиясы адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша түзетулермен жұмысты жалғастырады

Комиссияның құрамына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Снежанна Имашева, Арман Қожахметов және Артур Платоновты қосты.

Нұр-Сұлтан. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті сенаторлар ұсынған Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері жөніндегі толықтырулармен жұмыс істейтін Келісім комиссиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді қарады.

Осыған сәйкес, Мәжіліс комитеті Келісім комиссиясын құруды ұсынып, оның құрамына Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Снежанна Имашева, Арман Қожахметов және Артур Платоновты қосты.

Бұған дейін хабарланғандай, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы талқыланғаннан кейін сенат депутаттары бірқатар ұсыныстар енгізіп, заң жобасын Мәжіліске қайта қарау үшін қайтарды.

Сондай-ақ, депутаттар Парламент қарауына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамалық бастама тәртібімен енгізген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын жұмысқа алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны