13.09.2021, 17:56 6918

ТМД елдері авторлық құқықты сақтау және қорғау жөніндегі келісім жобасын мақұлдады

Қаулы жобасы 10 қазанға дейін жалғасатын "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Әділет министрлігі "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Қаулы жобасына анықтама-негіздемеде хабарланғандай, зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңесімен Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясының базалық ұйымымен және ТМД Атқарушы комитетімен бірлесіп, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім жобасын дайындады.
 
Келісім жобасы ақпараттық-телекоммуникациялық желілердегі авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды сақтау және қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында әзірленді.
 

Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің оныншы отырысында Келісім жобасы қаралып, мақұлданды. Осыған байланысты "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді", - делінген Әділет министрі Марат Бекетаев қол қойған негіздемеде.

 
10 қыркүйекте қаулы жобасы 10 қазанға дейін жалғасатын "Ашық НҚА" сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны