14.09.2021, 19:17 6635

ҚР Президенті Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскери және құтқарушыларды марапаттады

НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №660 Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
 
І дәрежелі "Айбын" орденімен:
 
- Әлімбеков Саят Жанатұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
 
- Заикин Сергей Владимирович (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;
 
- Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) – Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері.
 
ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
 
- Әділбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
 
- Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы;
 
- Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері;
 
- Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы.
 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмады және ол басқа қоймаларға таралды. Өрт және 10-нан астам жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 17 адам қайтыс болды: азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің алты әскери қызметкері және бір әскери прокурор.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны