15.10.2021, 16:32 18607

Екібастұзда ірі энергоблоктар авариялық түрде ажыратылды

ЕКІБАСТҰЗ. 15 ҚАЗАН - Екібастұзда ірі энергоблоктар авариялық түрде ажыратылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" KEGOC АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 14 қазанда бірнеше сағаттық аралықпен Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-де қуаты 500 МВт-тық ірі энергия блоктары авариялық түрде ажыратылды. Сондай-ақ, "ЕЭК" АҚ электр станциясындағы қазандық генерациясының көлемі 150 МВт-қа төмендей отырып, авариялық түрде тоқтатылды", - деп хабарлады "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" KEGOC АҚ баспасөз қызметі.

 
Осылайша, жоғарыда аталған үш электр станцияларындағы генерацияның жиынтық авариялық төмендеу көлемі 1 000 МВт-тан асты. 
 

Қазіргі уақытта болып жатқан қуат тапшылығы жағдайында электр станцияларындағы бұл авариялық ажыратулар аварияның жүйелі түрде туындау қауіпін тудыра отырып, мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің шамадан тыс жүктелуіне, Ресей энергия жүйесімен арадағы шекарада рұқсат етілмейтін қуат ауытқуларының орын алуына әкеледі. Аварияны болдырмау және энергия жүйесіндегі генерацияның төмендеу салдарын барынша азайту үшін "KEGOC" АҚ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің келісімімен жоспардан тыс тұтынуды жүзеге асыратын тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелер бойынша енгізілді", - деп хабарлады компанияда.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны