16.03.2022, 17:02 4741

Тоқаев: күштік құрылымдарының сөз байласу ісіне қатысты тергеу қызу қарқынмен жалғасуда

Кімнің қандай лауазым иеленіп отырғанына, қоғамдағы орны қандай екеніне қарамастан осы қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдар түгелдей лайықты жазасын алады.
НҰР-СҰЛТАН. 16 НАУРЫЗ - Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының қастандығы туралы іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Күштік құрылымдар мен олардың сыбайластарының өзара ымыраласуына қатысты іс бойынша тергеу құпия жағдайда қарқынды жүргізіліп жатыр. Алдымызда куәгерлерден жауап алу, сараптама жасау және түрлі мәліметтерді зерделеу сияқты қыруар жұмыс бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Президенттің айтуынша, қаскөйлер мұқият ойластырылған ауқымды операция жасады. Олар халқымыздың және шетел қоғамдастығының алдында мемлекеттің жоғары басшылығының абыройын төгіп, биліктен тайдыруды көкседі.
 

Кәсіби дайындықтан өткен содырларды өз мақсатына жету үшін еш қымсынбастан пайдаланды. Оларға еліміздің ең ірі шаһары – Алматыны күл талқан етуді, жұртты әбден үрейлендіріп, дүниеден біржола түңілдіруді, елдегі ахуалдың быт-шытын шығарып, бей-берекет қылуды тапсырды", - деді ол.

 
Мемлекет басшысы кімнің қандай лауазым иеленіп отырғанына, қоғамдағы орны қандай екеніне қарамастан осы қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдар түгелдей лайықты жазасын алатынына уәде берді. 
 
Бас прокурор қаңтар айындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысы туралы айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны