28.04.2022, 16:40 9301

ҚР Парламенті биоқауіпсіздік туралы заң жобасын қабылдады

Құжаттар биологиялық қауіптерді ерте анықтау және алдын алу, халықтың денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғау деңгейін арттыру мақсатында әзірленген.
ҚР Парламенті биоқауіпсіздік туралы заң жобасын қабылдады
Сурет: mastsdo.ru
НҰР-СҰЛТАН. 28 СӘУІР - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар еліміздің биологиялық қауіпсіздігі туралы заңдар қабылдады.
 
Құжаттар биологиялық қауіптерді ерте анықтау және алдын алу, халықтың денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғау деңгейін арттыру мақсатында әзірленген. Заң жобаларының міндеттері биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін және биологиялық қауіптерді анықтау, және алдын алу жүйесін құру болып табылады.
 
Аталған құжаттар биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқарудың үйлестірілген жүйесін құруға, сондай-ақ патогенді биологиялық агенттердің айналымы туралы деректерді есепке алу мен мониторинг жасаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға арналған. Бұл заңдарда биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылымның басымдықтары мен бағыттары да айқындалды. Осы және басқа да жаңа нормалар "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарында жазылған.
 

Қабылданған заңдар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Бұрын елімізде биологиялық қауіпсіздік саласын құқықтық реттеуге арналған арнайы заң болған жоқ. Алдағы уақытта осы құжаттар елімізде биологиялық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк реттеудiң құқықтық негiздерiн қалыптастыруға, биологиялық қауіп-қатерді болжауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді деп сенеміз. Сондай-ақ бұл заңдар биологиялық қауіпсіздік саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуға өз үлесін қосады", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны