14.06.2022, 18:35 11601

Тоқаев Қаринді мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады

Тоқаев Қаринді мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады
Сурет: azh.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлық мәтінінде.

 
Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
 
Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалғанға дейін "Қазақстан" арнасының басқарма төрағасы болған (2017 жылдан бастап).
 
1997 жылы тарих мамандығы бойынша Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған.
 
Еңбек жолын орта мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастады.
 
Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, Маңғыстау облысының әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 
 
2008 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
 
2019 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. 

2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 

2022 жылғы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны