02.09.2022, 15:20 20901

Руслан Баймишев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руслан Баймишев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
 

Фемида" заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған. 

 
2008-2016 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоинформ" республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды. 
 
2016-2019 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының м.а., директоры.
 
2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны