18.10.2022, 14:39 11176

ҚР ІІМ ресейліктердің көші қон жағдайына түсініктеме берді

ҚР ІІМ ресейліктердің көші қон жағдайына түсініктеме берді
Сурет: Depositphotos
Астана. 18 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Марат Ахметжанов Ресейден Қазақстанға келгендер кеткендерге қарағанда аз екенін айтты.
 
Оның сөзінше, "бұрынғы жағдайға оралдық".
 

Қазір Ресейден келуші азаматтардың саны кетіп жатқандардан аз", - деді Марат Ахметжанов.

 
Ол күніне 8-9 мың азамат келетінін, 10-11 мың азамат кететінін айтты.
 

Ресейліктерді депортациялау жағдайы болды ма?" деген сұраққа Ахметжанов "иә" деп жауап бергенімен, нақты қанша адам депортацияланғанын айтпады.

 
4 қазанда Ішкі істер министрлігі Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін (21 қыркүйек) Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келгенін атап өтті.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны