26.11.2022, 13:34 14346

Тоқаев заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды

Президент 2023 жылғы 31 наурызға дейін заң жобасын әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізуді қаулы етті.
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Президент Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2023жылғы 31 наурызға дейін:
 
1)заңмен реттелетін құқық қатынастарының субъектілерін анықтауға;
 
2)заңсыз шығарылған активтердің шығу тегін ашу, растау және оларды қайтару тетіктерін регламенттеуге;
 
3)заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге;
 
4)заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке өз еркімен беруді ынталандыруға;
 
5)активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауға;
 
6) өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органды құруға;
 
7) келіп түсетін заңсыз шығарылған активтерді жинақтайтын және оларды Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін басқаратын арнаулы мемлекеттік қорды құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуді қаулы етті.
 
Бұған дейін Президент бүгін заңсыз шығарылған капиталды қайтару және Парламенттік сайлау туралы Жарлықтарға қол қоятыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны