28.11.2022, 02:21 5756

Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыруды тапсырды

Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.
Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды қарастыруды тапсырды
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
 

Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр", - деп атап өтті Руслан Желдібай желідегі парақшасында.

 
Оның айтуынша, Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі.
 

Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды", - деді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.

 
Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда 130 көпқабатты тұрғын үй жылытудан ажыратылған. Енді ажыратылған үйлердің жылу жүйесін босату қажет. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оны қосуға уәде етілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны