13.01.2023, 10:18 40331

ҚР СІМ Кабулдағы шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды
ҚР СІМ Кабулдағы шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
Астана. 13 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 11 қаңтарда Кабулда террористік акт бойынша мәлімдеме жасады.
 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ү.ж. 11 қаңтарда Кабулдағы әкімшілік ғимараттың жанында нәтижесінде ондаған адам қаза тапқан террористік актіні қатаң айыптайды.
 

Министрлік қаза тапқандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады және Ауғанстан билігін өз аумағындағы терроризм көздерін жою бойынша күресті күшейтуге шақырады", - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

 
11 қаңтарда Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі жанында жарылыс болып, 21 адам қаза тапты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны