05.04.2023, 12:52 42386
Тоқаев Антикордың жаңа басшысына жоғары лауазымды жемқорларды анықтауды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Тергеу жұмыстарының нәтижесінде Агенттік құны 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтара алды
Астана. 5 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Асхат Жұмағалиды таныстырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Агенттіктің жаңа басшылығы мен жеке құрамына алдағы кезеңге арналған бірқатар міндет жүктеді. Президенттің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген шараларды толық жүзеге асыру керек. Жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы, әсіресе, халқымыздың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлықты анықтау және оның жолын кесу жөніндегі қатаң тәсілді жалғастырған жөн.
Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою маңызды екеніне назар аударды. Оның айтуынша, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу керек.
Мемлекет басшысының айтуынша, тергеу жұмыстарының нәтижесінде Агенттік құны 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтара алды. Бұл - оң нәтиже. Бірақ, сонымен қатар, бұл өткен кезеңдерде жемқорлық қаншалықты белең алғанын көрсетеді.
Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес - мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды. Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады. 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері аталған орган көптеген жұмыс атқарды. Оны мойындау керек. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастады. Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Олардың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Асхат Жұмағали болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.04.2025, 15:42 13401
Премьер Қазақстандағы жол бойындағы сервисті жақсартуды тапсырды
Күре жолдың бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету стансалары қабылданған стандарттарға сай болуы керек: Олжас Бектенов жол бойындағы сервисті жақсарту міндетін қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көлік, Сауда, Ұлттық экономика, Туризм министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырсын. Күре жолдың бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету станциялары қабылданған стандарттарға сай болуы керек.
Сондай-ақ осы бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл ретте туристердің қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылсын. Бүкіл инфрақұрылымға - әуежайлардан бастап қонақ үйлерге, сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына, концерт алаңдарына дейін - қауіпсіздік пен жайлылық тұрғысынан ревизия жүргізілуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Туризм, Мәдениет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, арнаулы мемлекеттік органдар алдына ауқымды мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды өткізу кезінде барынша жәрдем көрсету міндеті қойылды.
Оларды ұйымдастыру мен өткізу деңгейі экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, еліміздің имиджін нығайтып, инвесторлар мен туристер үшін тартымдылықты арттыра түседі", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 15:37 13676
ҚМА: Қазақстанда 5,6 мың алаяқтық сайт бұғатталған
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.
Мемлекет басшысына 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғаны жөнінде баяндалды. Зардап шеккен азаматтарға 20 миллиард теңгеге жуық өтемақы қайтарылды. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі - трансұлттық топ. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.
Президентке ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолы кесілгені туралы баяндалды. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылғаны жайында айтылды. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Жанат Элиманов азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау, қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды. 24 қаржы пирамидасы жойылды. Алдын алу мақсатында алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталып, 22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жастарды қылмыстық схемаларға тартудың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, 2,8 мың оқу орнындағы 567 мың оқушыға қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген. Мұндай жұмыстар 100 жоғары оқу орнында жүргізіліп, 100 мыңнан астам студентті қамтыған.
Бұдан бөлек, Жанат Элиманов Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлады. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.
Мемлекет басшысы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 15:34 13906
Алматы облысында 17 мың гектарға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Алматы облысында 16 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасында хабарлады.
Басқарма деректеріне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 50 083 гектарды құрайтын 446 жер учаскесі анықталды. Аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен салық жүктемесін одан әрі күшейту және жер заңнамасына сәйкес қайтару рәсімдерін жүргізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда 8 214 гектарды құрайтын 71 жер учаскесі бойынша материалдар Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар, 23 747 гектар аумақтағы 37 жер учаскесі бойынша талап-арыздар сот қарауында, ал жалпы көлемі 2 486,0 гектар болатын учаскелер бойынша сот шешімі шығып, мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жыл басынан бері ерікті түрде мемлекет меншігіне 14 481,32 гектар жер қайтарылды. Ең көп қайтарылған аумақтар Жамбыл (3 119,0 га), Балқаш (7 961,87 га) және Кеген (1 893,0 га) аудандарына тиесілі. Жалпы алғанда, 2025 жылдың басынан бері мемлекет меншігіне қайтарылған жер көлемі 16 967 гектарды құрады.
Сонымен қатар, жалға алу шарттарының орындалуына бақылау күшейтілді. Жалпы көлемі 30 827,87 гектарды құрайтын 216 жер пайдаланушыға шарт талаптарын бұзғаны үшін ескерту жіберілді. Талаптар орындалмаған жағдайда материалдар сот органдарына жолданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 15:20 14386
Елімізде туристік гидтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылданады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов саладағы көрсеткіштер мен нәтижелер туралы баяндады. Өз кезегінде бірқатар өңір әкімдері, Рioneer отбасылық курортының басшысы Мұрат Қаратай, "Астана Концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов баяндама жасады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 900 мың адамға артық. Жалпы, Туризм және спорт министрлігінің деректері бойынша елімізге15 млн-нан астам шетелдік қонақ келген.
Премьер-министр туристік саланың айтарлықтай әлеуеті барын және туризм ел экономикасының өсуіне жаңаша серпін беретін салаға айналуы қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған салада ірі инвестициялық жобалар қолға алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысында тау кластерін дамыту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан - тау шаңғысы мен табиғи туризмді дамытуға қолайлы өңір. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар құруға, экологиялық және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ақтау маңындағы "Жылы жағажай" аумағында бес жұлдызды қонақ үй мен тақырыптық ойын-сауық паркін салу жобалары іске асырылды. Аталған өңірдегі Кендірлі курорттық аймағында әуежай салынып, туризмді дамытуға тың серпін беріледі. Сонымен қатар фермерлерге агротуризммен айналысуға құқық беру үшін тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Үкімет инвесторларға барынша қолдау көрсетіп, туындайтын мәселелерді шешуге қашанда әзір", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бүгінде Үкімет туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Өткен жылы Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін "Жібек жолы" туристік пойызы іске қосылды. 125 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында әуежайлардың жаңа терминалдары салынды. Көші-қон рәсімдерін оңайлату шаралары қолға алынды. Мәселен шекара бекеттерінде ұйымдасқан туристік топтарды кезексіз өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл шара паспорттық бақылаудан өту уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.
Туристік саланы одан әрі дамыту мақсатында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
- Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде барлық мәдени, оқиғалық, спорттық және басқа да іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін бекітсін. Тарихи ескерткіштерді, көркем табиғи пейзаждарды және еліміздің басқа да көрікті жерлерін турларға интеграциялау керек. Сонымен бірге, экологиялық талаптардың бұзылмауын, табиғи және мәдени ескерткіштердің сақталуын нақты қадағалап отыру маңыздылығы атап өтілді.
- Сондай-ақ туристік гидтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау керек. Ол үшін әр өңірде біліктілікті арттыру, туристік қызметтер сервисінің сапасын жоғарылату бойынша курстарды тұрақты негізде өткізіп отыру қажет.
- Өңір әкімдері туристік нысандарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмысын жандандыруы қажет;
- "Көлік, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика, Туризм және спорт министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жұмыстарын жалғастырсын. Күре жолдың бойындағы дәмханалар, жанармай құю бекеттері мен техникалық қызмет көрсету стансалары қабылданған стандарттарға сай болуы керек. Сондай-ақ осы бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын", - деді Олжас Бектенов. Сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылсын.
- Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктері, арнаулы мемлекеттік органдар ауқымды мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды өткізу кезінде барынша жәрдем көрсетуі қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 11:47 13176
Қоймалардағы су деңгейі қалыпты
Шығыс Қазақстан облысының қоймаларында су көлемі қауіпсіз деңгейде, тасқын суды қабылдау үшін жеткілікті бос орын бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті "Қазсушар" филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов айтып берді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су тасқынына дайындық аясында Ертіс бассейндік инспекциясы, ТЖД және жергілікті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп су шаруашылығы нысандарын тексерді. Бүгінгі таңда филиал көтергіш механизмдерді тексеру және майлау жұмыстарын жүргізді, магистральдық каналдардың бас құрылыстары жабылып, өзен арналарын реттеу іс-шаралары аяқталды, су тораптарының бас құрылыстары ағаштардан, лай мен қоқыстардан тазартылды.
Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын 9 магистральдық канал тазартылды, жалпы ұзындығы 386,9 шақырым болатын 3 су торабы мен 31 магистральдық каналды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Барлық нысандарда инертті материалдар қоры бар, арнайы техника дайындалды. Су тасқыны жағдайы тұрақты. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты, бос орын бар. Филиалдың су қоймаларында және орталық аппаратында жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды. Су жинау және жіберу туралы барлық ақпарат барлық мүдделі органдарға беріліп отыр",- деді Шығыс Қазақстан облысының "Қазсушар" филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 11:42 16481
Астанада LRT қатысты іс аясында 920 млн актив мемлекетке қайтарылды
Астанада LRT қатысты іс аясында 920 млн актив мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылатын "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" Компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді.
Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүліктерді берді, оның ішінде:
- 39 тұрғын емес үй-жай;
- ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі.
Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрады.
Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.04.2025, 10:55 14116
ІІМ қазақстандықтарды шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатындықтары туралы ескертті
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ақшалай сыйақы үшін басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен келісімшартқа отыруды ұсынатын жарнамалар мен бейнероликтер шыға бастады.
Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген, деп хабарлайды Polisia.kz баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа қайшы қатысқаны үшін (ҚР ҚК 172-бабы) бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Жалдамалылық үшін (ҚР ҚК 170-бабы) іс-әрекеттің ауырлығына қарай жеті жылдан бастап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ІІМ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.04.2025, 18:34 31891
Алматыда сот шешімімен аяқталмаған құрылыс нысаны бұзылып жатыр
Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы құрылыс нысаны заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы.
Бұған дейін нысан иесіне (жеке тұлға) қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Сонымен қатар, нысанның іргетасына металл құрылымдар орнату кезеңінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын.
Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 22 ақпанда сот бұл талапты қанағаттандырды.
Нысанды бұзу жұмыстары Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 71 заңсыз нысан толықтай немесе жартылай бұзылған, оның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.04.2025, 11:42Астанада LRT қатысты іс аясында 920 млн актив мемлекетке қайтарылды 08.04.2025, 15:20 13946Елімізде туристік гидтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылданады08.04.2025, 10:55 13676ІІМ қазақстандықтарды шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатындықтары туралы ескертті08.04.2025, 15:34 13466Алматы облысында 17 мың гектарға пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекеттік меншікке қайтарылды08.04.2025, 15:37 13236ҚМА: Қазақстанда 5,6 мың алаяқтық сайт бұғатталған
02.04.2025, 18:12 100471Алматыда заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын бөлшектеу жалғасуда02.04.2025, 17:55 98241Алматыда мобильді экопатрульдер жұмыс істейді02.04.2025, 17:53 95646Медициналық сақтандыру қорының басшысы тағайындалды03.04.2025, 16:48 89111ҚР Ұлттық музейі мен Мемлекеттік Эрмитаж бірлескен көрмелер өткізуді жоспарлауда03.04.2025, 16:28 81806Түркістан облысының Созақ ауданына 1,3 млрд текше метр су жіберілді
20.03.2025, 18:41 124851ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты21.03.2025, 18:05 124766Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 17:49 122766Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 121061Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 120411Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті