28.06.2022, 15:37 11846

АҚДМ басшысы: мемлекеттік органдар БАҚ-та кеңінен түсіндіруге жататын толық емес ақпаратты ұсынады

АҚДМ басшысы: мемлекеттік органдар БАҚ-та кеңінен түсіндіруге жататын толық емес ақпаратты ұсынады
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік органдарды ақпарат беру бөлігінде сынауының бірқатар себептерін атады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мминистрлік ақпараттық саясатты тиімді іске асыру тұрғысынан медиакеңістіктің мониторингін тұрақты негізде жүргізеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ҚР Үкіметінің қызметіне жұртшылықтың жоғары қызығушылығы байқалады", — деді А. Омаров.

 
Алайда, ол атап өткендей, жекелеген өзекті тақырыптар бойынша бекітілетін азаматтардың кері байланысы жиі жағымсыз сипатқа ие. Оның айтуныша, жұртшылық пен БАҚ өкілдері тарапынан сынның болу себептері:
 
1) мемлекеттік органдар БАҚ-та кеңінен түсіндірілуі керек тақырыптар бойынша ақпаратты толық бермейді; 
 
2) жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ БАҚ-тың ресми сұрау салуларына жауаптарың толық болмауы;
 
3) БАҚ-та туындаған мәселелерді түсіндіруге біліктілігі жеткіліксіз спикерлерді ұсыну.
 

Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, аталған факторлар қоғамның ҚР Үкіметінің қызметін теріс қабылдауына және тұтастай алғанда мемлекеттің оң жетістіктерін нивелирлеуге ықпал етеді", — деп түйіндеді А. Омаров. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны