30.10.2024, 15:09 32761

Ақмола облысында 7 тауарлы-сүт ферма салынып жатыр

Ақмола облысында 7 тауарлы-сүт ферма салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Облыста Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қайталау жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 7 тауарлы-сүт фермасының желісін құру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде екеуі пайдалануға берілді.

Негізгі жобалардың бірі - Еңбек ауылдық округінде 816 ірі қара малға арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы.

Учаскеде инженерлік желілерді, электрмен жабдықтауды және кәрізді қосу жұмыстары жүргізілді, көң шығарудың заманауи жүйесі енгізілді, өндірістің экологиялық тазалығын жоғары деңгейде қамтамасыз ететін қалдықтарды жоюға арналған биокешен орнатылды.

Биылғы жазда Даниядан 272 бас голштейндік сиырдың бірінші партиясы қабылданды; биылғы жылдың аяғында ірі қараның екінші партиясын әкелу жоспарлануда. Шаруа қожалығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін неміс өндірушілерінен заманауи құрал-жабдықтар алынды.

Жоба келесі жылы пайдалануға беріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны