03.12.2024, 16:25 13776

Активтерді қайтару комитеті мен Интерпол ынтымақтастық туралы келісті

Активтерді қайтару комитеті мен Интерпол ынтымақтастық туралы келісті
Бас покуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық Бюросы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінен.

Оның мақсаты - тараптардың кәсіби, сарапшылық, ақпараттық әлеуеті мен тәжірибесін тиімді пайдалану үшін серіктестік тетіктері мен ынтымақтастық нысандарын анықтау.

Бұл құжат қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, қолда бар ақпаратпен алмасуға, заңсыз иемденілген активтерді іздеу және мемлекетке қайтару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету мүмкіндігін талдауға бағытталған.

Тараптар жақын арада активтерді ашу, пайда болуын растау және қайтару тәжірибесімен және практикасымен алмасу бойынша алғашқы бірлескен іс-шараны өткізу туралы келісімге қол жеткізді.

Меморандум екі ведомство арасындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға және өзара әрекеттесуді нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының атынан Активтерді қайтару жөніндегі комитет Интерполдың "Күміс бюллетень" және "Күміс хабарлама" активтерді іздеу және қайтарудың жаңа құралын енгізу бойынша жұмыс тобының мүшесі атанып, оның қызметіне белсенді қатысуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны