09.06.2022, 15:31 11011

Алғашқы Ұлттық Құрылтайдың өтетін күні белгілі болды

Бұл жайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті.
Алғашқы Ұлттық Құрылтайдың өтетін күні белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтеді. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті.
 

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді. Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау", - деді Мемлекеттік хатшы.


Бұған дейін Мемлекет басшысы құрылтай арқылы азаматтардың мемлекет жұмысына қатысуға көбірек мүмкіндігі болатынын атап өткен болатын.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны