12.07.2024, 17:57 89216

Қала прокуратурасының наразылығы бойынша мемлекетке 56 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Қала прокуратурасының наразылығы бойынша мемлекетке 56 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен. Шымкент қаласының экономикалық сотының шешімімен мемлекеттік мекемеге шарттық міндеттемелерін орындамаған ЖШС-тен бюджет қаражатын өндіріп алудан бас тартылған. Шарт бойынша ЖШС Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықты абаттандыру жұмыстарын жүргізу міндетін алған, алайда бұл міндеттемені тиісінше орындамаған. Прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешім қабылдады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 56 млн теңгеден астам бюджет қаражаты мемлекетке қайтарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны