19.07.2024, 21:29 107191

Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелерін үш апталық сынақтан өткізу басталады

Алматыда 22 шілдеден жылу жүйелерін үш апталық сынақтан өткізу басталады
2024 жылдың 22 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Алматы қаласының барлық аудандарында жылу желілерін жөндеуден кейін гидравликалық сынақтан өткізу жүргізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұл күндері, күн сайын таңғы сағат 4-тен 7-ге дейін магистральдық және тарату құбырлары тексерілетін кезде, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына аса сақ болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды: судың жер бетіне жетіп жайылуы, жол жабынының жартылай бұзылуы және т.б.

Қалалық жылу беру кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбыржолдарының проблемалық аймақтарын анықтау үшін аталған гидравликалық сынақтар жүргізілмекші.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны