14.01.2025, 09:50 20181
Ұлттық Банк валютаны айырбастау бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін өзгертуге ниетті
Достарға айту
Ұлттық Банк "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды.
Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін - 7 теңге, еуро үшін - 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.
Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.
Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.01.2025, 16:08 14791
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады
Достарға айту
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шалхар Байжомартов "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.
Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді", - деді Айдар Сайтбеков.
Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында орын алды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.
Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі - азаматтардың қауіпсіздігі үшін күнделікті тәуекелге бел буатын полиция қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын еске салатын үлгі", - деп түйіндеді А. Сайтбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:28 13851
Қазақстанда шетелдік маркетплейстердің қызметі реттеледі
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда онлайн-сатуды жетілдіру мәселелері қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық коммерция нарығындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, электрондық сауда әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Бүгінде дүние жүзі халқының 30%-ы интернет арқылы онлайн сауда жасайды. 2024 жылы жаһандық электрондық коммерция нарығының жалпы көлемі шамамен $6,3 трлн-ға жетіп, оның ішінде электрондық сауданың үлесі 20%-ды құрады. Алдағы жылдары электрондық коммерцияның көлемі $8,3 трлн-ға дейін өседі деп болжануда.
Сауда құрылымы қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Жаңа трендтер пайда болуда. Олардың қатарында: жасанды интеллект технологияларын енгізу, дербестендіру, әлеуметтік желілер арқылы сауданың өсуі, стримингтер арқылы сауда жасау бар.
2024 жылдың 11 айы бойынша алдын-ала жасалған деректерге сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемінен жоспарланған 14,5%-дан 15%-ға дейін артуы болжануда.
Министр Қазақстанның қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуына, бөлшек финтех саласының дамуына, интернеттің қолжетімділігіне, жастардың жоғары үлесіне, 8 млн-нан астам адамға негізделген даму әлеуеті жоғары екенін айтты.
Бүгінгі таңда Министрліктің алдында 2029 жылға дейін электрондық сауданың бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесін 18,5%-ға дейін арттыру, немесе 9,3 трлн теңгеге жеткізу міндеті тұр. Бұл электрондық сауда көлемін іс жүзінде 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында өткен жылдың сәуірінде 2027 жылға дейінгі электрондық сауданы дамыту жоспары қабылданды. Қабылданған жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, барлық өңірлерде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізу, сондай-ақ электрондық сауда кәсіпкерлеріне мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республика бойынша кәсіпкерлер үшін электрондық сауда бойынша оқу орталықтары ашылды. Өткен жылы электрондық сауда субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелері қабылданды.
Электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатыр, оның ішінде: меншікті инфрақұрылымы 100 мың шаршы метр болатын Teez жаңа қазақстандық маркетплейс іске қосылды, жақын арада 10 мың жұмыс орны құрылады. Инвестициялар $50 млн-ды құрады.
Сондай-ақ биыл Ozon және Wildberries маркетплейстер Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі 101,3 млрд теңге болатын жалпы ауданы 291 мың шаршы метр 3 орталық салу жоспарлануда. Трансшекаралық электрондық сауданы ынталандыру мақсатында өткен жылдың 6 қарашасында Бішкек қаласында, Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Үкіметаралық Келісімге қол қойылды. Электрондық сауда саласында халықаралық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық және Орталық Азия аясында жүзеге асырылуда.
Қазпошта" АҚ ұлттық операторы кедендік рәсімдерден жедел өту және трансшекаралық сауданың объективті статистикасын жүргізу бойынша сыртқы электрондық коммерция саласындағы пилоттық жобаны іске асыруда.
Электрондық сауданың енуінің жоғары қарқынын ескере отырып, оның жалпы бөлшек сауда құрылымына әсерін талдау жүргізілді. Ол үшін өткен жылдың қазан айында нарықтың, бизнес қауымдастықтардың және мемлекеттік органдардың негізгі қатысушыларын қамтитын жұмыс тобы құрылды.
Талдауға бөлшек сауда саласындағы 400 мыңнан астам компанияның деректері енгізілді. Деректер жиынтық түрде ұсынылып, бөлшек сауда секторындағы негізгі үрдістер мен құрылымдық өзгерістерді көрсетеді. Онлайн және офлайн сауда сатушыларының типтік портреті әзірленді. Барлық көрсеткіштер бойынша онлайн сауда тиімдірек анықталды. Өйткені, ондай компаниялар ірі, тұрақтылығы жоғары, сатылымдары мен қызметкерлер саны көп.
Қазақстанда белсенді онлайн-компаниялар барлық бөлшек сауда кәсіпорындарының 12,6%-ын құрайды. Бұл ретте олар 300 мыңнан астам жұмыс орнын құрды, жоғары өнімділік көрсетілді, бөлшек сауда секторындағы салық түсімдерінің 60%-ы қамтамасыз етілді. Яғни, елімізде, бөлшек саудамен айналысатын 505 мың офлайн компания 3 жыл ішінде 240 млрд теңге салық төлеген. Ал онлайн саудамен айналысатын 73 мың компания 360 млрд теңге салық төледі. Бұған қоса отандық маркетплейстер 135,2 млрд теңге салық төлеген.
Сондай-ақ компаниялар онлайн сауда жасағаннан кейін қалай өзгеретініне талдау жасалды. 10 мың әр түрлі жағдайды талдау нәтижесінде, маркетплейске шыққаннан кейін 1,5 жылдан соң компаниялардың орташа сатылым көлемі 4,8 есе артып, салықтық төлемдер 13,5 есе көбейіп, сату географиясы кеңейді.
Арман Шакқалиев отандық Е-СОМ ШОБ үшін үдеткіш және әсіресе өңірлік деңгейде жұмыспен қамтуды арттыру құралы екенін атап өтті. Отандық электрондық коммерцияны одан әрі дамыту республиканың бүкіл сауда саласының өсуіне қосымша мүмкіндіктер ашады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2023 жылы шетелдік платформаларда жасалған сатып алулар көлемі $1,3 млрд-ты құрады, бұл елдегі жалпы онлайн-сатылымдардың шамамен 20%-ын құрайды. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 90%-ды құраған.
Алайда, трансшекаралық онлайн-сауданың дамуы тұтынушылардың шетелдік маркетплейстерге қатысты шағымдарының артуына алып келуде. Мұндай мәселелер шетелдік маркетплейстер мен сатушылар Қазақстан юрисдикциясынан тыс жерде орналасқандықтан туындап отыр. Бұл өз құқығын толықтай қорғай алмайтын тұтынушылар үшін қауіп-қатерлерді тудырады.
Елдер арасындағы қашықтық үлкен болғандықтан, тауарларды қайтару немесе айырбастау талаптарын орындау мүмкін бола бермейді. Сонымен қатар шетелдік интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар сертификаттау рәсімінен өтпейді, бұл өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қауіп төндіреді. Осыған байланысты сауда және интеграция министрі осы мәселелерді заңнамалық тұрғыдан реттеуді ұсынады.
Олардың халықаралық тәжірибесін және қазіргі жағдайды ескере отырып, тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде отандық платформалардан төмен емес шетелдік платформалардың жұмысы үшін міндетті шарттарды енгізуді ұсынамыз. Салықтық және кедендік ашықтық. ЕО тәжірибесі бойынша шетелдік интернет-платформалар мен дүкендерді тіркеу үшін электрондық платформаны енгізу ұсынылады", - деп атап өтті Үкімет отырысында Арман Шаққалиев.
Отандық электрондық коммерцияны қолдау және дамыту мақсатында кедендік ресімдеу рәсімдерін оңайлату және импорт кезінде фискалдық емес алымдарды оңтайландыру, электрондық сауда субъектілері үшін арнайы салық режимдерін енгізу, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру, сондай-ақ қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамыту ұсынылады.
Ұсынылып отырған тәсілдер мен шараларды салық заңнамасын, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қоса алғанда, электрондық сауда саласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы іске асыру жоспарлануда. Министр Қазақстанда онлайн-сату секторын дамыту экономикалық өсудің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар сауданы одан әрі цифрлық трансформациялау және елімізді әлемдік цифрлық экономикаға интеграциялау үшін қажетті қадам екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:23 14226
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Достарға айту
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың үш тоқсанында Алматыға 1,7 миллион адам келді, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп. Қонақтар санының артуы қала экономикасына тікелей әсер етті: туризм саласынан түскен салықтық түсімдері 11 айда 85,5 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 2 есеге артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 92,9 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті. Жеке қаражат есебінен қалада 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды, оның ішінде 20 қонақүй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 қонақ үй бар. Бұл 836 бөлме қосып, туристерді қабылдау инфрақұрылымын айтарлықтай нығайтты.
Бұл нәтижелер Алматының жоғары инвестициялық тартымдылығын және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы тиімді жұмысты көрсетеді. 2025 жылы қала инвесторларды тартуды, туристік инфрақұрылымды дамытуды және халықаралық аренадағы орнын нығайтуды жалғастырып, Алматыны Орталық Азияның жетекші туристік бағыты ретінде одан әрі ілгерілетуді жоспарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:18 14451
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына келді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Іс-шараға қатысушылар қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Руанда Президенті Поль Кагама, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Жаңа Зелендия Премьер-министрі Кристофер Лаксон, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, сондай-ақ саясаткерлер, қайта жаңартылатын энергия көздері, технологиялық даму және инновация салаларындағы көшбасшылар, инвесторлар мен кәсіпкерлер бар.
Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.
Абу Дабидің орнықты даму апталығы" (ADSW) - орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі. Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына жету үшін инновациялық шешімдер іздеуге бағытталған. Биыл форум "Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету" (The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress) тақырыбында өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:08 19376
Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы шеңберінде оқыту бағдарламаларын әзірледі
Достарға айту
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы" бастамасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі бастапқы буын мамандарының - дәрігерлер, фельдшерлер, мейіргелер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылар құрамының білімі мен кәсіби дағдыларының деңгейін арттыру бойынша "Кадрлық қолдау: теңгерім және қолжетімділік" кешенді жоспарын әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы 2025 жылы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде денсаулық сақтау саласында практикаға бағдарлана отырып, медициналық колледждердегі білім беру бағдарламаларының деңгейіне және орта медициналық персоналдың кәсіби құзыреттеріне ерекше назар аударылатын болады.
Білім және ғылым ұйымдарымен бірлесіп МСАК мамандарының біліктілігін арттыру іс-қимылдарының жоспары әзірленді, ол 5 негізгі бағыттан тұрады:
- МСАК мамандарының біліктілігін арттыру бойынша нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;
- МСАК мамандарының (жалпы практика дәрігерлері мен мейіргелердің) біліктілігін арттыру;
-медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру
- біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру;
- жас мамандарға бейімдеу және тәлімгерлік орталықтарын құру.
Оқыту бағдарламалары соңғы медициналық жетістіктер мен технологияларды, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік актілердегі өзгерістерді ескере отырып әзірленген. Әр курс теориялық және негізінен практикалық сабақтарды, сонымен қатар өзін-өзі оқытуды қамтиды.
Оқытудың жаңа бағдарламасымен 3 жылдан аз жұмыс өтілі бар 2,5 мыңнан астам жалпы практика дәрігерлерін қамту жоспарлануда. Оқытуға арналған модульдердің тақырыптары тыңдаушылардың осы санатын тестілеуді талдаудың негізінде медициналық жоғары оқу орындарының базасында әзірленетін болады.
Осы жоспардың шеңберінде 3,5 мыңнан астам мейіргер біліктілігін арттырады. Орта медициналық персоналды оқыту модулдері профилактика және диспансерлік бақылау, ерте шақтағы балаларды патронаждау және күтім жасау, ауыр жағдайларда көмек көрсету, ЖОО-ны іске асыруда мейіргердің жұмысы, иммунопрофилактика және цифрлық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша әзірленген.
Біліктілікті арттыру курстарынан медициналық колледждердің 1 600-ден астам педагогы өтеді. Олардың оқуы тәуелсіз емтихан бағаларының нәтижелерін ескере отырып өтеді. Медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларын педагогикалық өтіліне, педагогикалық құзыреттеріне және білімді тәуелсіз бағалау нәтижелеріне қарай оқыту көзделеді.
Медицина қызметкерлерін кәсіби даярлау еліміздегі медициналық көмек сапасының негізі болып табылады. Біліктілікті арттыру жылы шеңберінде біз МСАК мамандарына, біздің педагогтарға өз құзыреттерін арттыруға және медициналық көмек көрсетудің және болашақ дәрігерлерді даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көмектесетін тиімді және қолжетімді бағдарламаларды құруға бағытталғанбыз", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың кешенді жоспарының тұсаукесері барысында.
Жаңа курстар 2025 жыл бойы жетекші медициналық орталықтардың, саланың бейінді штаттан тыс мамандарының және білім беру платформаларының қолдауымен ұйымдастырылатын болады. Бағдарламаның барлық қатысушылары денсаулық сақтау жүйесінде танылатын біліктілікті арттыру сертификаттарын алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 13:03 19696
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті жеделхатта Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.
Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.01.2025, 09:58 19956
Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады.
Сала өкілдері: "Қазпошта" компаниясының басқарма төрағасы Әсел Жанасова, "Халық банкінің" төрағасы Үміт Шаяхметова, "Цифрлық Қазақстан" қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев баяндамалары тыңдалды.
2024 жылы Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, ал бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті.
Электрондық сауданың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі маңызы атап өтілді. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.
Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды.
Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды. Маркетплейстердегі тауарлардың сапасына қатысты да сұрақтар бар. Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне бірқатар тапсырма берілді.
Премьер-министр Қазақстандағы бүкіл сауда қызметін, оның ішінде базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты шаралар әзірлеу міндетін қойды.
Әділет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, электрондық саудадағы тұтынушылар құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу қажет. Олжас Бектенов ақпан айының соңына дейін тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен және "Цифрлық Қазақстан" қауымдастығымен бірлесіп, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Электрондық сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі бұрын қабылданған жоспарын, отандық бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын және маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, құжаттың ережелерін биылғы наурыз айының соңына дейін өзектендіру қажет.
Мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру міндеті қойылды.
Сондай-ақ "Қазпоштаның" қазіргі әлеуетін күшейтуді тапсырды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Сауда және интеграция министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторының даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 15:09 37266
Елордада Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу басталды
Достарға айту
Астанадағы №87 мектеп-гимназиясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойын мерекелеудің басталуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сөз алтын хәкім Абай" шығармашылық іс-шарасы Абай Құнанбаевтың мерейтойы аясында жоспарланған іс-шаралар сериясының басталуы болды. Ұлы ақынның есімімен аталатын №87 мектеп-гимназия 2019 жылы, оның 175 жылдығын мерекелеу жылы ашылды. Ашылған сәттен бастап оқу орнында қазақ ойшылының өмірі мен шығармашылығын зерттейтін "Абайтану" пәні енгізілді. Бес жыл ішінде мектеп Абай мұрасын насихаттап келеді.
Іс-шара аясында мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін және поэмалардан үзінділерді жатқа оқып, білімдерін көрсетті.
Біздің мектептің миссиясы - Абай жазған "толық адам" идеалына сәйкес келетін білімді, моральдық тұрғыдан тұрақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Бүгінгі іс - шара оқушыларымызға өздерінің қажырлы еңбектерінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік берді",- деді №87 мектеп-гимназиясының директоры Айгүл Қашаева.
Сонымен қатар, іс-шарада құрметті қонақ - абайтанушы, ақын және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиқызы сөз сөйледі.
Мен Абайдың шығармашылығын ерте жастан оқып келемін және осындай іс-шараларды қолдауды өз міндетім деп санаймын. Мұндай іс- шаралар ұлттық сана-сезімді, мәдени құндылықтарды қалыптастыру және біздің тарихымызды құрметтеу үшін маңызды", - деп атап өтті Алмахан Мұхаметқалиқызы.
Сахнада Абай шығармашылығына арналған қалалық және республикалық байқауларда жетістікке жеткен оқушылар да өнер көрсетті. Олар өздерінің өнері арқылы көрермендерге ұлы ақынның шығармашылық мұрасын қайта таңдануға мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.01.2025, 09:50Ұлттық Банк валютаны айырбастау бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегін өзгертуге ниетті 14.01.2025, 09:58 19631Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті14.01.2025, 13:03 19371Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады14.01.2025, 13:08 19051Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жылы шеңберінде оқыту бағдарламаларын әзірледі14.01.2025, 16:08 14466Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады
09.01.2025, 16:58 120246Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты09.01.2025, 17:13 1200812024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді10.01.2025, 16:10 989562024 жылы Skills Enbek платформасында 108 мыңға жуық қазақстандық оқыды10.01.2025, 15:46 909362025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда қандай өзгерістер күшіне енді10.01.2025, 15:57 90851Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
30.12.2024, 17:17 152366Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 146486Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146201Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 145726Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 135636Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті