13.11.2024, 14:17 30881

Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр

Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан сүріліп жатыр

Қорғаушы-Защитник" бау-бақша серіктестігінде (уч. 62/4 (98)) салынып жатқан үш қабатты ғимарат рұқсат құжаттарынсыз бой көтерген, деп хабарлады Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы.


Жобалық-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз бір учаскеде үш қабатты және бір қабатты күрделі құрылыстар тұрғызылған. Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.

2024 жылдың 19 шілдесінде басқарма жер учаскесінің иесіне (жеке тұлғаға) заңсыз құрылысты бұзып, жер телімін бастапқы қалпына келтіру туралы бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берді.

Нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанның иесі ғимаратты өз еркімен бұза бастады.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 52 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны