12.09.2022, 18:23 14941

ArtSport бағдарламасы өз жұмысын жалғастырады

ArtSport бағдарламасы өз жұмысын жалғастырады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді.
 
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды.
 
Қазіргі уақытта уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.
 
Бірқатар өңір әкімдіктері бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өту қажет.
 

Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды", - делінген ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында. 


Бұдан бұрын хабарланғандай, "АртСпорт" белсенділері Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бағдарламадағы өзгерістеріне қарсы шықты. Оларды бағдарламаны қаржыландыру мәселесін шешуді талап еткен Мәжіліс депутаттары қолдады.

Бұған дейін "АртСпорт" платформасын жасаушылар ата-аналар мен балалар, қызмет жеткізушілері мен жаттықтырушылар туралы жалған ақпаратты анықтау мақсатында платформаның барлық қатысушыларының есептік деректерін мобильді азаматтардың мемлекеттік деректер базасымен салыстыратындықтарын мәлімдеді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы "АртСпорт" бағдарламасы төңірегінде қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны