28.02.2025, 18:30 4801
Ғарыш айлағындағы кездесу: Цифрлық даму министрі мен Роскосмос басшылары бірлескен жобаларды талқылады
Достарға айту
Байқоңыр ғарыш айлағында Министр Жаслан Мәдиев пен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановтың кездесуі өтті, де хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласын дамытудың стратегиялық бағыты болып табылатын бірлескен "Бәйтерек" жобасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жоба жаңа зымыран ұшыру инфрақұрылымын құруға бағытталған, ол болашақ зымыран тасымалдағыштарын ұшыруды қамтамасыз етеді. Кездесу барысында қатысушылар жоба жүзеге асырылып жатқан нысандарды аралап, оның іске асу барысымен танысты.
Сондай-ақ, биыл атап өтілетін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы ерекше назарға алынды. Кездесу барысында мерейтойға арналған негізгі іс-шаралар мен олардың ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарышты зерттеу және ұшыру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ғарыш инфрақұрылымын дамытуға және пайдалануға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.
Еске салайық, Дмитрий Баканов 2025 жылдың 6 ақпанында "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры болып тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.03.2025, 13:39 4546
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Бұл - халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең.
Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.
Халқымыз үшін дін мен дәстүр - бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.
Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады.
Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!
Баршаңызға бақ-береке тілеймін!
Ниет қабыл болсын!", деген тілек білдірді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 14:15 5111
ОСК аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың шығыстарының мөлшерін бекітті
Достарға айту
2025 жылғы 30 наурыздағы тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметінен.
1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында баяндау - 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 13:45 41311
Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде
Достарға айту
Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етуде, деп хабарлайды Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жетісу облысының прокуратурасымен "Заң және Тәртіп" идеологиясын бекіту аясында алимент бойынша борышкерлерді қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс жүргізілуде.
Тексеру барысында Панфилов ауданының 3 борышкеры 5 жылдан астам уақыт бойы өз міндеттемелерін орындаудан әдейі жалтарып, жалпы қарызы 19 миллион теңгеге жеткені белгілі болды.
Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бұл шаралар тиімді нәтиже бермеген.
Сондықтан прокурорлар ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қатаң шаралар қабылдап, қылмыстық жауапкершілікке тарта бастады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 19 миллион теңге көлеміндегі берешек толығымен өтелді, содан кейін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды.
2024 жылы 3 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 50 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-ы әкімшілік қамауға алынды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы алименттік қарыздың 103 миллион теңгеден астам сомасынан 72 миллион теңгеден астам өндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.02.2025, 10:39 41571
Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге "кірісті төмендету" бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді
Достарға айту
Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастыруда.
Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі.
Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге "кірісті төмендету" бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді.
Орындау мерзімі - 30 жұмыс күні.
Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді.
Салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылады.
Камералдық бақылаудың мәні - салық төлеушіге табыстарын өз еркімен декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірме беруге мүмкіндік беру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:48 75091
Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады
Аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдағы жетекші металлургия компанияларының бірі Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Премьер-министрінің 2024 жылғы қарашада ҚХР-ға жұмыс сапары барысында Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.
Кездесудің басты тақырыбы Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинатын салу жобасын жүзеге асыру болды. Қытайлық инвестор жалпы инвестиция сомасы $1,2 млрд-қа бағаланып отыр, жоба шеңберінде 2,5 мың жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланған.
Инвестордың жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде 2027 жылы өндіріс қуаты 1 млн тонна болатты құраса, ал инвестиция көлемі 160,2 млрд теңгеге жетеді. 2029 жылға қарай өнім шығару 3 млн тоннаға дейін артып, қосымша инвестиция көлемі 312,8 млрд теңгені құрайды. Өндіріске қазақстандық шикізат: Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында өндірілетін табиғи газ және темір рудалары, сондай-ақ әктас пайдаланылады. Нәтижесінде, кәсіпорында созба сымдар, арматура, құбыр өндірісіне арналған жолақты болат, сондай-ақ бұрышты және профилді болат сияқты өнімдердің кең ауқымын шығару жоспарланып отыр. Жобаны іске асырудың екінші кезеңі аясында металлургия зауытының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қуаты 350 МВт газ турбиналы электр стансасын салу көзделген, оған инвестор 201,3 млрд теңге қаржы бөледі.
Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянь кәсіпорында темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы (DRI) енгізілетінін, бұл оның өнімдегі жоғары құрамын - 90%-дан астамды қамтамасыз ететінін және қазақстандық металлургияның бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын баса айтты.
Премьер-министр Олжас Бектенов аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам болатынын атап өтті.
Жобаның біз үшін маңызы зор. Бұл - еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатын маңызды бағыт. Инвестициялық жобаларды жедел іске асыру үшін Қазақстан Үкіметі жанынан Инвестициялық штаб жұмыс істейді. Үкімет сіздің жоспарларыңызды толығымен қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін тиісті қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:43 75431
Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді
Достарға айту
Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, нығайту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші трансшекаралық Сырдария өзені арқылы су жинап жатыр.
Сонымен қатар, жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында магистральді және шаруашылық каналдармен су беріліп жатыр. Сырдария өзені мен су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты, күнделікті бақылауға алынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:39 76166
LRT вагондарын құрастыру басталды
Достарға айту
Қытайдың Таншань қаласында LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. 19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс "CRRC Tangshan Co., Ltd" зауытында орналастырылды, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі CTS-ке сілтеме жасай отырып.
Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді:
* есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
* тоқтау және жылдамдату;
* депоға кіру және шығу;
* құрамдардың жағдайын бақылау;
* пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;
* оператордың (машинис) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.
Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады.
Салондарда беріктігі жоғары материалдар, оның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.
Шуды азайту үшін мына технологиялар қолданылады: қалыңдатылған терезелер және шуды бәсеңдету элементтері; диаметрі үлкейтілген дөңгелектер.
Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелермен жабдықталады: сыртқы және ішкі электронды таблолар; LCD-мониторлар, олар қозғалыс бағытын, соңғы және келесі станцияларды, есіктердің ашылу жағын және шұғыл ақпаратты көрсетеді.
Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады.
Кондиционер қондырғысының қуаты 35 кВт (салқындату қуаты).
Техникалық сипаттамалары және жеткізу мерзімдері: Қуаты - 1 722 кВт; ең жоғары жылдамдық - 80 км/сағ; толық автоматтандыру және операторлардың тұрақты бақылауымен жүргізілетін пилотсыз басқару жүйесі.
Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.
Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу - пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементері, жылжымалы құрам және барлық жабдықтар тексеріледі, оның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақтар барысында үлкен көлемде деректер жиналып, талданады, оның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады", - деп түсіндірді "City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.
Ұқсас бағыттардағы жолаушылар легін талдау деректері бойынша LRT жылжымалы құрамдары тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2025, 16:23 73706
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі - алимент өндіру.
2024 жылы және ағымдағы жылы алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасымен 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Оның 7 борышкеріне қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте.
Ағымдағы жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қазірдің өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді.
Мысалы, борышкерлердің бірі алимент бойынша 2,5 млн теңгеден астам қарызы бола тұра, екі жыл бойы төлеуден жалтарған.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысы бір ай ішінде аяқталып, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
Сот үкімімен борышкерге 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Қазіргі таңда 2,5 млн теңге қарыздың 1 млн теңгедей өтелді.
Балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
01.03.2025, 13:39Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
27.02.2025, 16:39 76261LRT вагондарын құрастыру басталды27.02.2025, 16:43 75526Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді27.02.2025, 16:48 75186Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады27.02.2025, 16:23 73911Алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылды27.02.2025, 16:00 73246Еліміздің төрт өңірін байланыстыратын "Жезқазған - Петропавл" тасжолы толық жаңартылады
13.02.2025, 08:03 268241ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 259346Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 205926Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 167426Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 167161Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады