24.06.2024, 21:22 42446

Қаржы министрлігі: жаңа Салық кодексі енгізілгенде жоспарлы тексерулер жойылады

Қаржы министрлігі: жаңа Салық кодексі енгізілгенде жоспарлы тексерулер жойылады
жаңа Салық кодексі енгізілгенде жоспарлы тексерулер жойылады. ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, ведомство сенім мен ашықтық қағидатына басымдық беріп, жоспарлы тексерулерден бас тартады. Осы жылы 1200-ден астам жоспарлы тексерулер жоспарланған. "Келесі жылдан бастап жаңа Салық кодексін енгізе отырып, бізде жоспарлы тексерулер жойылады. Тексерулер, төлем жасамау қаупі бар ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Жалпы тексеру жүргізу салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматқа ауыстырылады. "Салық төлеуші Мемлекеттік кірістер органдарымен тексеруге нұсқамалар берілген кезде бір рет кездесуі мүмкін. Барлық басқа рәсімдер: құжаттарды, талаптар, түсініктемелер ұсыну - бәрі онлайн-форматқа ауыстырылады", - деді спикер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны