11.08.2021, 17:23 11319

Ashyq жобасында 100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері қатысады

Олардың саны 5 есеге – 21 мыңнан 101 мыңға дейін өсті.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - 100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі "Ashyq" қосымшасына қатысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Ashyq" жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үнемі артып келеді. Олардың саны 5 есеге – 21 мыңнан 101 мыңға дейін өсті. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан "Ashyq" қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет", — деді А. Мамин.

 
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай баяу өсу үрдісіне ие және біртіндеп тұрақтануда. Вирустың репродуктивтік индексі 1,01 құрайды, инфекциялық төсек-орындар 54%, реанимациялық төсектер 45% толды. 
 
Бүгінгі таңда 5,9 млн жуық адам бірінші компонентті, шамамен 4,5 млн адам екінші компонентті алды. 
 
Үкімет басшысы биыл тамыз айында вакциналау жоспарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, әсіресе Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында вакциналау қарқынын күшейту қажеттігін атап өтті. 
 
Премьер-Министр Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қарағанды облысына ерекше назар аудара отырып, барлық өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар халықтың шектеу шараларын, ең алдымен маска тағу режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет екені атап өтілді. Ол үшін карантин талаптарын бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Ashyq

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны