14.06.2024, 17:54 77346

Астана қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (СОР29) 29-шы отырысына дайындық жөніндегі бірлескен кеңес өтті

Астана қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (СОР29) 29-шы отырысына дайындық жөніндегі бірлескен кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен. 2024 жылғы 12 маусымда, Экология және табиғи ресурстар Энергетика, Сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП тұрақты даму жөніндегі кеңесінің және ESG қатысуымен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының (СОР29) 29-шы отырысына дайындық жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен бірлескен кеңесі өтті, ол 2024 жылдың қараша айында Баку қаласында өтеді. Энергетика вице-министрі Б.Ілияс Энергетика министрлігінің төмен көміртекті энергетиканы дамыту, метан шығарындыларын азайту, әділ энергетикалық ауысу шеңберінде жүргізіп жатқан ағымдағы жұмысы туралы айтты. Вице-министр Қазақстан үшін энергетикалық секторды дамытудың маңызды бағыты төмен көміртекті тректі дамыту, 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және кезең-кезеңімен энергетикалық ауысу болып табылатынын атап өтті. Өз кезегінде, Қазақстан қоршаған ортаға парниктік газдардың антропогендік шығарындыларын азайтуға бағытталған жаһандық бастамалардың тарапы болып табылады. Осылайша Қазақстанның метан бойынша жаһандық міндеттемеге қосылуы еліміздің дәйекті энергетикалық ауысу бағытына бейілділігін растайды және елге "жасыл" инвестицияларды тарту үшін мүмкіндіктер ашады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны