08.10.2024, 17:27 60266

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXII отырысы өтті

Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXII отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оған ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және бахаи дінінің делегаттары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен Қазақстандағы діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі заманғы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатысты сұрақтарды талқылады және алдағы VIII съездің күн тәртібін белгіледі.

Хатшылық отырысында қатысушылар бейбітшілікті сақтап, диалог пен өзара құрмет мәдениетін нығайту үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызды екеніне тоқталды.

Отырыс нәтижесінде Ізгі ниет елшілері сайланып, дін өкілдерін құрметті медальдармен марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, съезді дамыту тұжырымдамасы аясындағы тағы бір маңызды бастама - 9 қазанда Астанада өтетін Жас діни лидерлер форумы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны