02.12.2021, 20:45 116486

Аумақтық әскерлерді қамтамасыз ету мәселелері Қорғаныс министрлігінің қарамағына өтті

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеге" тиісті өзгерістер "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2021 жылғы 14 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін қолжетімді болады.
Аумақтық әскерлерді қамтамасыз ету мәселелері Қорғаныс министрлігінің қарамағына өтті
Сурет: Қорғаныс министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Қорғаныс министрлігіне аумақтық әскерлердің аумақтық органдары үшін қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдар қорларын сақтау мен құруды ұйымдастыру функциясы бекітіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеге" тиісті өзгерістер "Ашық НҚА" порталында жарияланды және 2021 жылғы 14 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін қолжетімді болады.
 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аумақтық әскерлердің аумақтық органдары үшін қару-жарақтың, әскери техника мен арнайы құралдардың қорларын сақтауды және құруды ұйымдастыру жөніндегі құзыретін бекіту одан әрі мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс арқылы аумақтық қорғаныс бригадалары үшін қымбат тұратын арнайы әскери мүлікті сатып алуға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

 
Құжаттың толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны