27.03.2024, 21:24 62826

Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астанада Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге ЕҚДБ Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай және ЕҚДБ Қазақстан бойынша басшысы Хусейн Озхан қатысты.

Тараптар 2023 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарып, 2024 жылға арналған басымдықтарды айқындады.

Өз сөзінде Н. Байбазаров қазіргі уақытта Қазақстан мен ЕҚДБ арасында экономикалық мәселелердің кең ауқымын қамтитын өзара тығыз байланыс орнатылғанын айтты.

Кездесуде Қазақстан Үкіметінің ЕҚДБ-мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша, сондай-ақ "жасыл" энергетика, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері мен жеке бизнесті дамыту салаларында нәтижелі жұмысқа дайындығы атап өтілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны