26.11.2022, 13:43 15566

Қазақстан Президенті әкімдерді міндетін атқарушы мәртебесіне ауыстырды

Сондай-ақ, Тоқаев "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы" Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Президенті әкімдерді міндетін атқарушы мәртебесіне ауыстырды
Сурет: Depositphotos
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын", - делінген Жарлықта.

 
Сондай-ақ, Президент "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы" Жарлыққа қол қойды.
 

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын", - делінген мәтінде.

 
Бұған дейін Тоқаев заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны