30.10.2024, 15:07 32736

Қазақстанда 47,2 млн тонна жем дайындалды

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн.гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14%-. құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық - 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан - 4,6 млн. тонна, концкорм - 5,5 млн. тонна және сүрлем - 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 30 қазандағы жағдай бойынша 33,3 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 90,7%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 4,8 млн тонна құрама жем (86,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,4%) және 4,8 млн тонна сабан дайындалды (103,8%).

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны