18.06.2024, 17:53 23576

Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы: Таразда қоғамдық талқылау өтті

Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы: Таразда қоғамдық талқылау өтті
Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында бүгін Тараз қаласында Жамбыл облысы Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен көпшілік талқылау өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды Жамбыл облысының әкімдігі әкімдіктің ресми сайтында және Facebook парақшасында орналастырды.

Жария талқылауға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС, "Ядролық физика институты" РМК, облыстық және қалалық мәслихаттар, ҮЕҰ, шағын, орта және ірі бизнес, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, энергетиктер, жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен ғалымдары, саяси партиялар мен этномәдени бірлестіктер филиалдарының басшылары және т.б. қатысты.

Спикерлер ретінде ҚР Энергетика министрлігі, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС, "Ядролық физика институты" РМК таныстырылды. Спикерлер өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту болып табылатынын атап өтті. Қазақстанда АЭС салу ел экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға, ғылымды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайту есебінен экологиялық жүктемені төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға және т.б. мүмкіндік береді. Сонымен қатар елде шикізат және өндірістік ресурстар атом энергетикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайтыны атап өтілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны