28.11.2022, 14:37 17481

Қазақстанда Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді.
Қазақстанда Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанынан Қоғамдық кеңес құрылды
Сурет: ?ылым ж?не жо?ары білім министрлігі
Астана. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді өздеріңіздің талқылауларыңызға ұсынамыз. Себебі Қоғамдық кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. Құзыреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз", - деді министр Саясат Нұрбек.

 
Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.
 
Министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олардың төрағалары сайланды:
 
  1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми кеңесшісі Жасұлан Шаймарданов;
  2. Бюджет мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова;
  3. Ғылым мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып "QazBioPharm" Ұлттық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Күнсұлу Закария;
  4. Жоғары білім мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып азаматтық қоғам өкілі Амантай Нұрмағамбетов;
  5. Тіл саясаты мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова сайланды.
 
Жиын соңында 3 жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекітілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны