16.07.2024, 13:49 22071

Қазақстанның 7 облысында шегірткеге қарсы жерді өңдеу аяқталды

Өңiрлерге 350 мың га алаңды өңдеу үшін пестицидтердің қосымша көлемі жеткізілді
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штабтың отырысында бір аптадағы жағдай қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен. Ақтөбе мен Қостанай облыстарында бір аптадан астам толассыз жауған жаңбыр мен қатты жел жерді мониторингтеу және химиялық өңдеуге толық мүмкіндік бермей отыр. Сонымен қатар ауа-райының қолайсыздығы шегірткелердің өсуі мен дамуын тежейді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 17 шілдеде барлық қорғаныс шаралары қайта басталады. Өңiрлерге 350 мың га алаңды өңдеу үшін пестицидтердің қосымша көлемі жеткізілді. Қазақстан бойынша мониторингтік тексерулер барлығы 15,1 млн га аумақты қамтыды (жоспардың 88,4%), химиялық өңдеулер 2,4 млн га аумақта жүргізілді. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында шегірткенің үйіріне қарсы қорғаныс іс-шаралары толығымен аяқталды. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Отырыс соңында вице-премьер шегіртке таралып жатқан аумақтарды анықтау үшін мониторингтік зерттеулерді жалғастыруды тапсырды. Апта соңында Серік Жұманғарин Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына барып, өңірдегі өңдеу жұмыстарының барысы мен сапасын жеке өзі тексеруді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны