02.03.2023, 13:37 47036

Қазақстанның Қаржы министрлігі жемқорлардан тәркіленген ақша есебінен мектептерді жөндеуге өтініштер күтуде

Қазақстанның Қаржы министрлігі жемқорлардан тәркіленген ақша есебінен мектептерді жөндеуге өтініштер күтуде
Сурет: Depositphotos
Есепшотта жемқор шенеуніктерден тәркіленген шамамен 120 миллиард теңге бар

Астана. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Қаржы министрлігі жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат есебінен мектептерді жөндеуге өтініштер күтуде, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Қазір бұл шотқа шамамен 120 миллиард теңге жинақталған. Осы орайда Оқу-ағарту министрлігінен өтініштер күтіп отырмыз. Яғни, бірінші кезекте тиісті мектептер жөнделеді. Бұл тұрғыда үш ауысымда оқытатын мектептерге назар аударылады. Өйткені оларды бірінші кезекте қамту керек. Сонымен қатар осындай мектептерді кеңейту үшін тиісті нысандарды салу қажет", - деді Е. Жамаубаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, қазіргі кезде өтінімдерді қабылдау процесі жүзеге асырылады.

Тиісті тізім жасалғаннан кейін, оны республикалық бюджет комиссиясына енгіземіз. Осы іс-шаралардан соң, қаражатты өңірлерге бағыттаймыз", - деді Қаржы министрі.



Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде халыққа жолдауында жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салуды тапсырған болатын. Президент 2025 жылға дейін заманауи талаптарға сай 800 мың оқушы орны құрылатынына уәде берді. Бұл апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны