12.09.2024, 16:06 30681

"Қазмырыш" бас инвесторы Тоқаевқа компанияның жоспарлары туралы айтып берді

"Қазмырыш" бас инвесторы Тоқаевқа компанияның жоспарлары туралы айтып берді
Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны