24.04.2024, 10:30 82066

Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА

Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті.

Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.

Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң,

есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50% - дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.

Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.

Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.

Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады.

Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны