20.04.2023, 15:06 19261

ҰҚК теракт қаупі туралы ақпарат үшін төлейді

Сыйақы біржолғы төленеді
Астана. 20 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекітті.
 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына терроризм актісін болғызбауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға (бұдан әрі - ақпаратты хабарлаған адам) ҰҚК немесе оның аумақтық органдарымен сыйақы төленеді", - делінген қағидалар жобасында.

 
Сыйақы біржолғы және келесі тәртіпте белгіленеді:
 
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде қарастырылған терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша - 750 (жеті жүз елу) айлық есептеу көрсеткіштері (бұдан әрі - АЕК);

  • ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде қарастырылған терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша - 1000 (бір мың) АЕК.
 

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу бөлімшелері осы Қағидалардың 5-тармағында қарастырылған жағдайлар туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы пайда болғаны туралы талон-хабарлама жолдайды", - делінген құжатта.

 
Ақпаратты хабарлаған адамның сыйақы алу құқығы пайда болғаны туралы уәкілетті бөлімше де хабардар етіледі.
 
Сыйақыдан бас тартқан жағдайда, ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік немесе ішкі істер органдарына тиісті өтініш береді.
 
Ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу ұлттық валютада оның екінші деңгейлі банктегі ағымдағы банктік есепшотына жүргізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны