08.10.2024, 17:16 60171

Күзде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады

Қазақстанда 20 000-нан астам азамат әскер қатарына шақырылады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес осы жылдың қыркүйек айынан бастап ЖАО әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті. Желтоқсан айының 30-на дейін Қарулы күштер және басқа да әскери құрылымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіз жоқ 18-ден 27 жас аралығындағы 20 000-нан астам ер азамат толықтырады.

Осы жылдың күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін Қорғаныс істері басқармалары мен бөлімдерінде 10 шілдеден бастап әскерге шақырушыларды зерттеп, зерделеу, іріктеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті әскери басқару органының лауазымды адамдары зерделеу барысында әсерге шақырушылардың отбасы құрамын, әскерге қызмет өткеруге жарамдылық санатын, білімін және мамандығын нақтылайды, сондай-ақ жеке ісіндегі құжаттарды зерделеп, әскерге шақырушылармен әңгімелеседі. Бұл ретте бүгінгі таңда 18-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасы бойынша 730 мың адамнан тұрады. Соның ішінде 120 мыңы әскерге дайын, оның ішінен 40 мыңы мерзімді әскерге шақырылады", - деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Оның айтуынша, 2024 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер санының ұлғаюымен, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттырумен, есепке алу-әскерге шақыру жұмысын цифрландырумен ерекшеленеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны