14.04.2021, 21:37 19249

Мәжіліс ЕАЭО туралы Шарт аясында екі заң жобасын ратификациялауды мақұлдады

ЕАЭО туралы шартқа Арменияның қосылуы туралы шартқа, сондай-ақ Қырғызстанның ЕАЭО туралы шартты қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы Хаттамаға өзгерістер мақұлданды.
НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары ЕАЭО туралы Шарт аясында жаңа ратификациялық заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және ЕАЭО органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. 
 
Құжат Қырғыз Республикасы үшін өтпелі кезеңді Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін ұзарту жөніндегі уақдаластықтарды іске асыруға бағытталған.
 
Сонымен қатар, бүгінгі отырыста Палата Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Арменияның қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Хаттама Армения Республикасы үшін өтпелі кезеңді Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін ұзарту жөніндегі уақдаластықтарды іске асыруға бағытталған.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны