15.07.2024, 23:47 27821

Маңғыстау облысында сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды

Маңғыстау облысында сауықтыру кешенін салуға берілген жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 457 га жер учаскесі Жер Кодексінің 43-бабының нормаларын бұза отырып, жеке меншікке берілгенін анықтады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының "Коса Ада" аумағында орналасқан учаскенің кадастрлық құны 3,1 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда, жер учаскесі жер комиссиясының қарауынсыз және жерге орналастыру жобасын жасамай ресімделгені анықталды.

Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.

Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны