03.02.2025, 18:39 4046
"Медеу" мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады
Достарға айту
Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы "Медеу" мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты - жаңғырту тұжырымдамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жаңғырту бойынша негізгі бағыттар:
Медеу" БТСК аумағын көркейту жұмыстары: мұз айдынының батыс сызығы бойымен серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты жақсарту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.
Инженерлік жүйелерді жаңғырту: тоңазытқыш жабдықтары мен мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту, энергияны үнемдеуді арттыру және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту, инженерлік жүйелер, коммуникациялар мен электр жабдықтарын толықтай ауыстыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, "Медеу" қонақ үйін толық реконструкциялау жоспарға енген.
Реконструкциялау барысында "Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.02.2025, 19:55 3761
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды
Достарға айту
Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елордада ең қуатты парниктік газдардың бірі - метан шығарындыларын реттеу бойынша алғашқы екі күндік консультациялық семинар өтуде.
Президент Кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменованың басшылығымен іс-шараны Энергетика министрлігі, Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар Министрлігі және халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA), Clean Action Task Force (CATF) және басқа серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды. Үкімет, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменова:
2012 жылы енгізілген газды күнделікті алау жағуға тыйым салудың арқасында Қазақстан газды жағуды 70% - дан астамға қысқартты. Енді біз метанның ағып кетуін және желдетілуін жоюға дайынбыз. Бұл жай экология емес-бұл тұрақты даму. Біз пайда әкелетін құнды ресурсты жоғалтып жатырмыз: электр энергиясын өндіру, газ импортына тәуелділікті азайту және тіпті экспорттық әлеуетті арттыру".
Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов:
Газ ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық жүктемені азайту мақсатында заңнамалық базаны жетілдіру және әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, бұл жер қойнауын пайдаланушылардың шикі газды кәдеге жарату мәселелерін шешудегі жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді".
Семинардың басты нәтижесі - мұнай-газ және көмір секторларында метан шығарындыларын реттеу бойынша "Жол картасын" әзірлеу. 2023 жылы метан бойынша Жаһандық уәдеге (GMP) қосылған Қазақстан ойын ережелерін өзгертуге дайын: шығарындыларды азайту, инвестициялар тарту және энергия секторының тиімділігін арттыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 10:37 17381
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі - жүйе) қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді. МӘСҚ-дан төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген дәрежесі 30% - дан 100% - ға дейінгі жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметін жалғастыруға байланысты емес.
2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша жүйеге қатысушының асырауында болған адамдарға тағайындалады. МӘСҚ-дан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайында -23 жасқа дейін жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады.
МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты - жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Оның мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және жүйеге қатысу өтіліне байланысты.
Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды, бұл 2023 жылғы алушылар санынан 31%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.
2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.
Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.
2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 86 758 теңгені құрады. 2024 жылы барлық төлем алушылардың саны 672,6 мың адам болды, ал төлемдер 404,1 млрд теңгеге жасалды, бұның өзі 2023 жылғы сомадан 1,4 есе көп.
Осылайша, жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы әлеуметтік қорғау әлдеқайда жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 16:58 93316
"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады
Достарға айту
Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма Төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.
Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев Қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды. 29 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қор Басқармасының мүшелерінің қатысуымен өткен брифингте "Қазақстан халқына" қорының жұмыс нәтижелері туралы баяндады.
Қордың қайырымдылық жобалары денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, ауылдағы білім беру мен елдегі әлеуметтік қолдаудың, жаңа стандарттарды белгілеудің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі өзгертудің драйверіне айналды.
Қор мен оның серіктестерінің қолдауымен аудандық және облыстық оңалту орталықтарын дамытуды, шағын жинақты мектептерде жаңа білім беру технологияларын қолдануды қоса алғанда, ауылдық жерлердегі тірек мектептер желісін құру, робототехника кабинеттерін дамыту, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер үшін білім гранттарын іске қосу, инновациялық таргетті препараттар мен заманауи медициналық жабдықтарды сатып алу сияқты маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Шалғай елді мекендерде спортпен шұғылдану үшін Қордың қолдауымен ауыл жастарына арналған 100 спорт залы ашылды. Батыс Қазақстан облысында 25 ауылдық кітапхана жаңартылып, ауылдық комьюнити орталықтарына айналуда.
Қор Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 627 отбасы үшін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Қазақстан халқына" Қорының жұмысын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы Қордың азаматтарды әлеуметтік қолдауға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға қосқан қомақты үлесін атап өтіп, бұл бағыттағы қызметті жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және Қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", - деп, Болат Жәмішев өз шешіміне түсінік берді.
Қазақстан халқына" Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда - "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медалімен марапатталған.
Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.
Басшылықтың ауысқанына қарамастан, Қор жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады. Қордың Қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы - бұл жаңа тарау, ол қайырымдылық қызметті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 16:55 93621
Алматыда Digital Almaty 2025 цифрлық форумы өтуде
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда өткен "Digital Almaty 2025: Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар" халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Пленарлық отырысқа Әзербайжан Премьер-министрі Әли Идаят оғлы Асадов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Ареф Мохаммад-Реза, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян және ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері шақырылды. Алаңда AI-дің экономикаға, өнеркәсіптік экожүйелерге, медицинаға, білімге және басқа да салаларға интеграциясы және инновациялық даму перспективалары мәселелері көтерілді.
Форумның пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллект дамуының негізгі факторлары: адами капиталды, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және институционалдық негіз құру екенін атап өтті. Цифрлық технологияларды енгізу ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 2-3%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл ЖИ-дің экономика дамуындағы маңызды рөлін айқындайды.
Жасанды интеллектінің жаһандық моделі жедел түрде бәсекелестіктен кооперативтік үлгіге ауысуда. Ол үшін IT-индустрияның әлемдік көшбасшылары ынтымақтаса отырып, өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Танымал платформаларда энтузиастар өз әзірлемелерімен ашық түрде бөлісуде. Олар мұны технологиялардың жаппай дамуы үшін жасап жатыр. Біз бұл тәжірибені өзіміздің және бірлесіп жасалатын әзірлемелер үшін де пайдалануымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Аlem.АІ халықаралық жасанды интеллект орталығының негізінде құзіреттер экожүйесін құру бастамасын көтерді. Ол биыл Астанада ашылады. Бұл бір алаңда жетекші IT-компанияларды, зерттеу зертханаларын, стартаптар мен шешімдерді бірлесіп әзірлеу үшін білім беру бағдарламаларын біріктіруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов, Alem.АІ орталық базасында жасанды интеллект саласындағы бірлескен R&D жобаларын әзірлеуде ЕАЭО бойынша әріптестердің күш-жігерін біріктіру қажеттігіне назар аудара отырып.
Қазақстанның стратегиялық басым міндеттерінің бірі - жасанды интеллект саласында мамандар даярлау. Алдағы 5 жылда мемлекеттік қызметкерлермен толық қамти отырып, 1 млн адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, өткен жылы Қазақстанда белгілі француз педагогі Николя Садиракпен бірлесіп Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды. Білім беру үдерісі инновациялық әдістерге, соның ішінде геймификацияға және оқытушыларды қажет етпейтін peer-to-peer жүйесіне негізделген. Қазақстан білікті кадрларды даярлауда стандартты емес тәсілдерді енгізу мәселелерінде тәжірибе алмасуға дайын екендігін білдірді.
Олжас Бектенов цифрлық инфрақұрылымды дамыту жағдайында есептеу ресурстарын тиімді бөлу қажеттігін атап өтті. Жергілікті үлкен тілдік үлгілерді (LLM) және мультимодальды жүйелерді әзірлеу мәдени құндылықтарды сақтауға жергілікті ерекшеліктер мен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, цифрлық шешімдерді бейімдеуге және деректер қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллектті дамытудың институционалдық негізін қалыптастыру шеңберінде Қазақстанда тиісті Тұжырымдама бекітілді, ол Ұлттық ЖИ стратегиясын әзірлеу үшін бастапқы негіз болды. Инновацияларды дамыту үшін құқықтық негіз құруға бағытталған жасанды интеллект туралы заң жобасын әзірленді. Бұған қоса ҚР Президентінің жанынан озық технологияларды енгізу үшін жетекші отандық және халықаралық сарапшыларды біріктіретін жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес құрылады. Сонымен қатар AI-стартаптарын қолдау үшін Astana Hub базасында мақсатты көліме $1 млрд-ты құрайтын Венчурлік инвестициялар қорларының Қоры құрылды.
Олжас Бектенов форумға қатысушылардың назарын жасанды интеллект дамуының бірқатар маңызды аспектілеріне аударды. Бұл - жасанды интеллект дамуының еңбек нарығына әсерімен байланысты сын-қатерлер, мамандарды қайта даярлау қажеттілігі, этика мәселелері, экологиялық жүктеме және технологияларға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Форум аясында қазақстандық және шетелдік мамандардың ЖИ-стартаптары мен жобалары ұсынылды. Отандық Codiplay мобилді қосымшасы бүгінде 13 елде қолданылады және IT-сауаттылық бойынша оқып жатқан 13 млн баланы қамтиды. Шынайы өмірді модельдеу жанрында рөлдік режимі бар Grand Mobile ойыны таныстырылды. Бірегей пайдаланушылар саны айына 5 млн-нан асады. Ірі кәсіпорынның жұмысын басқаруға мүмкіндік беретін АМК X Belka AI жобасы көрсетілді. Технологияны Ақтөбе мыс компаниясы пайдаланады және +3% өндірістік қуатты және +1% кеннен метал алуды қамтамасыз етеді.
Стартаптардың дамуы экономиканың түрлі салаларында ілгерілеуге ықпал ететіні атап өтілді. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастыққа ашық әрі жаңа жобаларға қолдау көрсетуге дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 12:42 98671
Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады. Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.
Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.
Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.
Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:41 99451
"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, "Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.
Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді.
Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған.
Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.
Флешмоб шарттары туралы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:27 100636
Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады
Достарға айту
Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.
Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі.
Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.
Ваучер алу үшін азаматтың ресми "Жұмыссыз" мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.
Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.01.2025, 11:21 98426
"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар
Достарға айту
2024 жылдың қорытындысы бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балаларға кезекті нысаналы талаптар есептелді. 2025 жылы 18 жасқа толатын жасөспірімдердің нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) нысаналы жинақтар есепке алынды, деп хабарлайды БжЗҚ баспасөз қызметінен.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324 430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. 2025 жылы есептелген бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы 2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматы болып есептелетін балалардың саны туралы деректерге және балаларға Ұлттық қордан есептелген нысаналы талаптардың 888 794 506 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы сомасы туралы ҚР Ұлттық Банкінен алынған ақпаратқа сүйене отырып есептелді.
Есепті жыл үшін барлық балаларға бірдей сома есептелді, оның мөлшері бір балаға 129 АҚШ доллары 38 центіне тең.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген нысаналы талаптар/жинақтар сомасын айқындау кезінде қандай да бір себептермен 2023 жылдың қорытындысы бойынша қаражатты есептеу кезінде нысаналы талаптарға қатысушылар/нысаналы жинақтарды алушылар тізіміне енгізілмеген балалардың саны да ескерілді. "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан жаңартылған мәліметтерді алғаннан кейін нысаналы талаптарға қатысушыларға қаражат өткізіп алған кезеңдегі нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс сомасын қоса есептелді.
Бағдарламаға қатысушылардың санын және оларға есептелген 2024 жылғы нысаналы талаптар/жинақтар сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын 2024 жылы алған балалар, сондай-ақ 2024 жыл ішінде қайтыс болған балалар да ескерілді. Қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Бұл ретте 2024 жылы қайтыс болған балалардың нысаналы талаптары БЖЗҚ-дағы НЖШ-ға есепке алынды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау кезінде нысаналы талаптарды/жинақтарды алу құқығынан Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты айырылған балалар немесе бұрын есепке алынған, бірақ қатысушы/алушы болуға құқығы жоқ балалар есепке алынбады. Бұл ретте осындай қатысушылардың нысаналы талаптары/ жинақтары белгіленген тәртіппен бағдарламаның басқа қатысушылары арасында бөлінді.
Осылайша, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушылардың санын анықтап, балаларға 2025 жылы қаражат есептеу кезінде жоғарыда аталған барлық факторлар ескерілді.
Сонымен қатар, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, 2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді.
Нәтижесінде бағдарламаға 2 (екі) жыл қатарынан қатысқан баланың нысаналы талаптары/нысаналы жинақтары 232 доллар 94 цент болды.
Сонымен қатар, 2006 жылы туған және 2024 жылы 18 жасқа толған балалардың бағдарламаға қатысу уақыты аяқталды. 2024 жылы мұндай балалардың саны 304 815 болды. Олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, БЖЗҚ-да 2024 жылы автоматты түрде ашылған НЖШ-ға түскен өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану құқығына ие болды. 01.01.2025ж. жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтініш орындады (18 жасқа толған ҚР азаматтары қатарындағы өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды). Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтар АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында 10 жыл бойы сақталады. Егер осы мерзім ішінде азамат қаражатты пайдаланбаса, онда бұл қаржы БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады. Тек АҚШ долларында емес, ҚР Ұлттық Банкінің аударым жасалған күнгі ресми бағамына сай теңгемен аударылады. Жинақты ерікті зейнетақы шотынан алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
БЖЗҚ бағдарлама шеңберінде барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды, сондай-ақ АҚШ долларында жинақталған инвестициялық кірісті есепке алып, Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат береді.
Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтынан тексере (баланың ЖСН бойынша) алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауап алуға болады. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру тарихы ұсынылған. Онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына нысаналы жинақтардың (НЖ) есептелген жылы көрсетіледі.
Ата-аналар 18 жасқа толмаған баласы бойынша жасалған есептеулер туралы деректерді eGov mobile электрондық үкіметі мен екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшаларында тексере алады.
Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы, eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасындағы өзінің жеке кабинетінде өз бетінше тексере алады.
Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылар, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану бойынша өңірлер бөлінісіндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы жас қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алу мақсатында қолдау көрсетуге бағытталған, бұл ересек өмірге қадам басуға көмек болады. Жыл сайын балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан нысаналы талаптар/жинақтар түріндегі қаражат, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейінгі инвестициялық кіріс есептеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.02.2025, 10:372024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды 03.02.2025, 10:07 8511Бас прокуратура "QI-Trade Kazakhstan" қаржы пирамидасының жетекшісін экстрадициялады03.02.2025, 10:13 8286Елімізде жыл басынан бері 8 "Калашников" автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі тәркіленді03.02.2025, 16:58 4186Қазақстанда жылдық инфляция шамамен 9% құрады03.02.2025, 17:10 3911Елімізде "Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы" (ҰКДИ) жобасын іске асыру аяқталды
30.01.2025, 18:56 118521Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады30.01.2025, 17:52 110461Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды31.01.2025, 11:27 100151Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 98966"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 11:21 98856"Ұлттық қор-балаларға": жас қазақстандықтардың шоттарында қанша қаражат бар
24.01.2025, 16:38 132641Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 129936Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 129606Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 126916Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1221062024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді