20.06.2024, 15:50 31586

Мемлекет басшысы Ақтөбе су қоймасының толып кетуінің алдын алуға қатысқан ардагер краншыны марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысы бойынша "Қазсушар" филиалының краншысы Шыңғыстау Әбдиевті марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. Шыңғыстау Әбдиев пен басқа да мамандар (электрмонтаждаушылар, инженерлер, слесарлар және реттеушілер) наурыз айының соңында екінші шлюзді ашып, Ақтөбе су қоймасының толып кетуіне жол бермеді. Сол уақытта 36 жылдық тәжірибесі бар білікті маман зейнеткерлікте болатын. Осыған дейін су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Шыңғыстау Әбдиевке алғыс хат жолдаған еді. Қазіргі уақытта ардагер краншы жас әріптестеріне мамандықтың қыр-сырын үйретуде. "Шыңғыстау Кибашұлының кәсібилігі мен көп жылдық тәжірибесі Ақтөбе су қоймасының толып кетуінің алдын алуға көмектесті. Су саласының ардагеріне және тасқын кезінде нысандарда тәулік бойы жұмыс істеген барлық мамандарға төтенше жағдай кезінде қызметке адалдығы мен жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтамын",- деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны