13.11.2024, 19:18 50446
Мемлекет басшысы СOP29 аясындағы Қазақстан павильонына барды
Достарға айту
Мемлекет басшысы СOP29 аясындағы Қазақстан павильонына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммитінде ұсынылған Қазақстанның экспозициясымен танысты.
Көрме еліміздің мәдениетін, инновациялық және экологиялық жобаларын паш етеді. Кеңістік табиғи материалдарды пайдалана отырып этностильде безендірілген. Осылайша ұйымдастырушылар халқымыздың дәстүрді берік сақтайтынын әрі экологиялық ұстанымды қолдайтынын көрсеткен.
Президентке жасыл сутегін өндіретін Hyrasia One болашақ зауытының макеті таныстырылды.
Бұдан кейін Мемлекет басшысына Гүлфия Мелдештің сайғақ мүсіндері және отандық экологиялық өнімдер көрсетілді.
Павильонға келушілер Қазақстанның биоалуантүрлілігі, сондай-ақ сирек кездесетін немесе жойылып кету қаупі төніп тұрған Тұран жолбарысы, Пржевальский жылқысы, киік және қар барысы секілді түз тағыларын қайта көбейту мақсатында елімізде қабылданған шаралар жөнінде мағлұмат алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.11.2024, 13:49 306
Дмитрий Мун Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Дмитрий Мун Андреевич Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1991 жылы Астана қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік универститетін бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Астана қ. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығында сарапшы болып бастаған.
Әртүрлі жылдары "Қазпошта" АҚ менеджері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау жұмыс және құқықтық реттеу басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары - Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ департаментінде инженер-бағдарламашы.
2020-2023 жылдары - Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Big Data жөніндегі басқарушы директор.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 13:44 431
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды
Достарға айту
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 60-қа жуық мектепке айыппұл салынды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған бұзушылықтар Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің білім беру ұйымдарына мониторингі барысында анықталды.
2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру нәтижесі көрсеткендей, 58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген. Бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкестендірді. Лицензиясыз қызмет жүргізетін мектептерге қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл беру туралы соттардың қаулылары шығарылды. Олар негізінен Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан.
ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс. Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдарында білім беру қызметімен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бастап туындайды. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс", - деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.
Лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті педагогикалық құрамның болуын, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуын, сондай-ақ білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды. Осы талаптарға сәйкес келмеу әкімшілік жаза қолдану мен қайталама бұзушылықтар болған жағдайда білім беру мекемесінің қызметін тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, мектептер бағыныстылығы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарауына жатады. Өз кезегінде аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқармаларының басшыларына бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ресми талап хаттарын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 12:03 2591
Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
Достарға айту
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласында табиғатты қорғау полициясы Бостандық ауданы әкімдігінің қоршаған орта және экология бөлімімен бірлесіп, экологиялық талаптарды бұзған және абаттандыру ережелерін сақтамаған құрылыс нысанын анықтады.
Құрылыс алаңында қоқыс қалдықтарының шамадан тыс жиналуы және лас қоқысты рұқсатсыз тасымалдау фактілері тіркелген. Осыған байланысты учаске басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, болашақта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалдықтарды өңдеудегі экологиялық талаптардың бұзылуы туралы материал Алматы қаласының Экология департаментіне жолданды.
Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық бағдарламасы мен "Алматы - ортақ үйіміз" қалалық кампаниясы аясында қаланы абаттандыру және экологиялық талаптарды сақтау шаралары күшейтілген.
Жарқын күз" шарасы аясында 16 қыркүйектен бастап қалада абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзған 2 757 дерек тіркелсе, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2 232 хаттама толтырылды. Ірі көлемдегі қалдықтарды, сынған жиһаздарды, тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтарын жинақтаған 569 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматының табиғатты қорғау полициясы барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және қалдықтарды шығару ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі табиғаттың тазалығы мен денсаулығы әрбір адамның саналы әрекетіне байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:55 4101
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті
Достарға айту
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жиынға өңірдегі өндірістік, көлік-логистикалық, мұнай-газ компанияларының 100 қызметкері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты. Кездесу жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл міндеттерді өз Жолдауында сөз етіп, алдағы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялады.
Слет аясында өндіріс саласында табысқа жеткен жандармен және компания басшыларымен мотивациялық кездесу өтті. Сонымен коучпен қатар қатысушыларға арналған стратегиялық сессия ұйымдастырылды.
Жастар өз ісінің мамандарымен байланыс орнатуға, өзекті тақырыптарды талқылауға және бастамаларын іске асыру үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:48 4631
ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.
Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.
Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 11:04 4321
Климаттың өзгеруі Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы секторына қауіп төндіреді
Достарға айту
БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР29) тараптарының 29-шы конференциясы аясында Бакуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ҚР-дағы және ҚР АШМ-дегі байланыстар және әріптестік бюросы ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы "өңірде орнықты болашаққа қол жеткізуде ауыл шаруашылығының шешуші рөлін қамтамасыз ету үшін Орталық Азиядағы су тапшылығы бар құрғақшылыққа қарсы күрес" болды.
Климаттың өзгеруі су тапшылығы мен құрғақшылықтың жоғарылауымен бетпе-бет келген Орталық Азияның ауылшаруашылық секторына кері әсерін күшейтеді. ФАО мәліметтері бойынша, құрғақшылық суармалы егіншілік, мал шаруашылығы және энергетика сияқты салаларға қауіп төндіретін ауыл шаруашылығындағы шығындардың негізгі себептерінің біріне айналды.
Панельдік сессия құрғақшылыққа төзімділікті арттырудың бейімделу стратегияларын талқылауға арналды. Орталық Азия министрліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Климаттық апаттармен байланысты тәуекелдерді төмендетуге ықпал ететін тұрақты Ауыл шаруашылығы тәжірибелерін пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Талқыланатын тақырыптардың қатарына бейімделу мысалдары, фермерлерді қолдауға және тұрақты агроэкожүйелерді құруға бағытталған жергілікті білім мен ғылыми зерттеулерді қолдану жатады.
Климаттың өзгеруі Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы секторларына, әсіресе 2050 жылдарға қарай өнімділігі 50%-ға дейін төмендеуі мүмкін бидай өсіруге қауіп төндіреді. Құрғақшылықтың елеулі әлеуметтік-экономикалық салдары бар, сондықтан бүгінгі талқылау осы проблемалардың тиімді шешімдерін табуға көмектеседі", - деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Аймақтағы құрғақшылықтың жиілігі мен қарқындылығының артуы суды пайдалану тиімділігін, өсімдік өнімділігін және көміртекті сіңіру әлеуетін төмендетеді. ФАО Орталық Азиядағы құрғақшылыққа төзімділікті арттыру үшін зерттеулерді қолдауды және ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда",- деп атап өтті ФАО Табиғи ресурстар жөніндегі сарапшысы Джереми Шликенридер.
Бұл панельдік сессия Орталық Азиядағы құрғақшылық мәселесін шешу үшін бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығын атап көрсетеді. Тиімді стратегияларды әзірлеу және ең жақсы тәжірибелермен бөлісу аймаққа климаттық қиындықтарға бейімделуге және тұрақты даму үшін ауыл шаруашылығының негізгі рөлін сақтауға көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 16:34 4866
Тоқаев "Лукойл" акционерімен бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.
Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 12:40 31376
Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды
Достарға айту
Ақсу қаласына жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Бүгін өңір басшысы Асайын Байханов Ақсу активінің отырысында қаланың жаңа әкімін таныстырды.
Болатбек Шәріпов 1973 жылы Ертіс ауданының Заречное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ертіс ауданында ол , бөлім басшысынан аудан әкіміне дейінгі еңбек жолынан өтті. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.11.2024, 11:04Климаттың өзгеруі Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы секторына қауіп төндіреді 22.11.2024, 11:48 4006ҚР Премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты президенттің тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді22.11.2024, 11:55 3476Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 3121Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды22.11.2024, 11:33 941Түркістан облысында жасөспірім мектепке мина қойылды деп қоңырау шалған
15.11.2024, 15:50 87171ТЖМ құтқарушылары өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізуде15.11.2024, 15:16 77736Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды15.11.2024, 15:14 67751Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлері анықталды15.11.2024, 15:11 66076Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасын өлтірір кеткендер сотталды15.11.2024, 10:59 60426Іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталды
24.10.2024, 16:52 141056Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 137826Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 135126Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 130676Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 130501Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді