10.01.2023, 15:05 19936

Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Сурет: ortcom.kz
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бақыт Маратұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады.

2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, төрағаның кеңесшісі.

2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің "Құқық арқылы демократия үшін" Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды.

Ол өткен жылы 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Конституциялық Соттың судьясы болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қаңтар айынан бастап Конституциялық сот жұмысын бастады.

Бұрынғы әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы болды. 30 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары Конституциялық соттың судьялары лауазымына Қанат Мусиннің, сондай-ақ Еркін Оңғарбаев пен Сергей Ударцевтің кандидатураларын қолдады.

31 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық сотының судьяларын тағайындады.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны