20.01.2022, 18:15 57821

Назарбаев Парламент алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды

Назарбаев Парламент алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды
Сурет: elbasy.kz
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАҢТАР - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы.
 
Сонымен қатар, Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады.
 
Тиісті өзгерістер "Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы" туралы Конституциялық заңға енгізілді. Заң Сенаттың қарауында жатыр.
 
Бұл ретте Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығынан айырылды. ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттіктері Қазақстан Президентіне берілді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны