14.04.2021, 18:57 15099

Нығматулин министрліктерге халықаралық шарттарды ратификациялау процедураларын кешіктіргені үшін қатаң ескерту жасады

НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Нұрлан Нығматулин халықаралық шарттарды ратификациялаудың мемлекетішілік процедураларынан уақытылы өтудің маңыздылығы туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстанның қосылуына қатысты бірқатар түзетулер енгізетін халықаралық келісімдерді қарады. 
 
Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халықаралық шарттарды ратификациялау рәсімдерінің мерзімдері кейбір министрліктер тарапынан жүйелі түрде бұзылатынына назар аударды. 
 
Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы маңызды ратификацияны келісудің мемлекетішілік рәсімдерін өткізу бір жылдам астам уақытқа созылған. 
 
Осы орайда, Нұрлан Нығматулин, әрине, коронавирус індетін алға тартуға болар, бірақ ол біздің елде ғана емес, бүкіл әлемді жайлағанын айта келіп: 
 

Пандемия министрліктер жұмысының қарқынын, сапасын және жауапкершілігін төмендетуге себеп болмауға тиіс. Бұл жерде басты мәселе, құзырлы министрліктер мен құрылымдардың бірлескен жұмысына байланысты. Жалпы айтқанда, халықаралық келісімдерді уақытылы ратификациялау интеграциялық процестер үшін өте маңызды", - деді Нұрлан Нығматулин.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны